Атырау, 13 мамыр 08:13
 ашықВ Атырау +28
$ 513.74
€ 569.17
₽ 6.33

Доллар бағамы тарихи антирекордқа қайта жақындады

2 275 просмотра

Image 0KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 310,37 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шетел валютасы тарихи антирекордқа - 312,65 теңгеге жетуге аз қалды. Мұндай деңгейге доллар бағамы 2015 жылдың 9 қарашасында көтерілген еді. Кейін доллар дереу арзандап, 307 теңге болды.

2015 жылдың 10 желтоқсанында таңғы сессия кезінде алғашқы келісім 310 теңгемен жасалды. Бұл ең төменгі баға болды. Ең жоғары баға - 310,55 теңге. Сауда көлемі 121 миллион доллардан асты. Саудаға валюта нарығының 22 мүшесі қатысты. Ақша айырбастау орындарында доллар 309,5-312,7 теңге аралығында саудаға салынып жатыр.

Дереккөз: tengrinews.kz

10 желтоқсан 2015, 15:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.