Атырау, 29 қараша 07:46
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Полиция травматикалық қару жинауды аяқтайды

3 094 просмотра

Азаматтық айналымда травматикалық қаруға (жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруына және газды қаруға) салынған тыйымға байланысты 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап ішкі істер органдары сақтауға және ұстауға рұқсаты бар жеке тұлғалардан травматикалық қаруды сатып алуды жүзеге асырған болатын.

ІІД ӘПБ қару айналымын лицензиялау және бақылау бөлімінің аға инспекторы Талғат УСИЕВТІҢ айтуынша, бүгінде облыс бойынша 40 млн теңгеден астам сомадағы 782 травматикалық қару ерікті түрде тапсырылған. Ішкі істер органдары 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін сатып алуды жүзеге асырады. Сондықтан әкімшілік полиция басқармасы травматикалық қаруды сақтауға және ұстауға рұқсаты бар облыс тұрғындарына аталмыш мерзімге дейін ерікті түрде ақысына тапсыру қажеттігі туралы еске салады.

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР ҚК-нің 287-бабының 2-тармағына сәйкес, травматикалық қаруды заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру – 2000 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Травматикалық қаруы бар және оны көсретілген мерзімге дейін тапсырмағандар мекен-жайы және қаруды тіркелуі бойынша тексеріліп, қылмыстық жауапкершілік жазасын тартады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

10 желтоқсан 2015, 18:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.