Атырау, 5 желтоқсан 12:30
 бұлттыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

«Жалғама құрылыстар туралы іс»: сот қамаққа алуды санкциялады

3 306 рет қаралды

Бұрын хабарлағанымыздай, 7 желтоқсанда Атырауда бөтен мүлікті иемденді және пара алды деген күдікпен «Атырау қаласы құрылыс бөлімі» ММ-нің басшысы Жұмашбаев С., оның орынбасары Қайыров С. және ЖШС-тердің бірінің техникалық директоры Ө. Р. ұсталды Атырауда қалалық құрылыс бөлімінің басшысы мен оның орынбасары ұсталды» мақаласын оқыңыз).

Оларға қала мектептерінің жалғама құрлыстарына бөлінген бюджет қаржысын ірі мөлшерде жымқырды деген айып тағылып отыр.

Құқық қорғау органдарындағы ақпарат көздеріміз хабарлағандай, 10 желтоқсанда №2 қалалық сот үш күдіктіні екі ай мерзімге қамаққа алып, тергеу изоляторында ұстауға шешім шығарды.

Азамат МАЙТАНОВ

11 желтоқсан 2015, 12:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.