Ислам дінінің қағидалары бойынша қызмет жасайтын «Амал» атты қаржы үйі Мәскеу қаласы және Мәскеу облысы бойынша өз жұмысын бастады. Компания қызметі заңды және жеке тұлғаларға да арналған, деп жазады muslim.kz.
«Әзірге қаржыландыру жүйесі ірі сомадағы жұмыстарға ғана жүргізілуде. Былайша айтқанда, қаржыландыру 5 млн рубльден басталады», - делінген компанияның баспасөз мәліметінде.
Дереккөз: ҚазАқпарат