Атырау, 28 қараша 12:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Алматыда 2013 жылы ұшақтың апатқа ұшырауына байланысты қылмыстық іс сотқа жолданды

1 558 просмотра

Image 0

2013 жылдың қаңтар айында Алматы облысында 16 жолаушы мен 5 экипаж мүшелерінің қайтыс болуымен ұштасқан «Авиакомпания «СКАТ» АҚ-ның «CRJ-200» маркалы ұшағымен орын алған әуеапаты фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды.

Қазақстан Республикасы Бас көлік прокуратурасының арнайы прокурорының басшылығындағы Тергеу тобымен 2013 жылдың қаңтар айында Алматы облысында 16 жолаушы мен 5 экипаж мүшелерінің қайтыс болуымен ұштасқан «Авиакомпания «СКАТ» АҚ-ның «CRJ-200» маркалы ұшағымен орын алған әуеапаты фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды деп хабарлайды еліміздің бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Прокуратураның мәліметінше, апаттың басты негіздері – ол күтілген қиын метерологиялық жағдайда ұшу экипажының екінші айналымға жерүстіне қараумен байланысты көзбен көру мүмкіндігінсіз кетуі сипатындағы дұрыс емес әрекеттері, ұшақтың жоғары алуы үшін штурвалды «өзіне қарай» күйіне әкелмеуі себеп болған. "Ұшудың соңғы минуттарында, жерүстіне жақындағандықты білдіретін борт компьютерінің ескерту дабылы қосылған уақытта, жұмысқабілеттілігін ішінара жоғалтқан әуе кемесінің командирі ұшақты басқармаған, ал екінші ұшқыш құрылғылардың параметрлеріне бақылау жасаудың орнына, диспетчермен радиобайланыс орнатумен әлек болған",-делінген хабарламада.

Әуе кемесінің командирі тексерусіз және отадан кейінгі реабилитациялық кезеңсіз ұшуды орындаған. Ұшу экипажы Қазақстанда қолдамаған шетелдік оқу орталығында білім алған; ұшқыштар тренажер, алдын-ала дайындығы және квалификациясын жоғарылату курстары бойынша қажетті білім көлемінен өтпеген; әуе кемесінің командирі отадан кейінгі тексеруден өткізілместен ұшуға жіберілген; Авиакомпания үнемі, сонын ішінде оқиға болатын күні ұшқыштардың еңбек және демалу режимдерін сақтамаған.

"Ұшқыштардың жіберген кемшіліктері мен Авиакомпанияның ұшу жұмысын жеткіліксіз ұйымдастыруында тікелей себеп- байланыс бар.Аталған жұмыс саласына жауапты – Авиакомпанияның ұшу қызметінің директоры болып табылады",-деп ақпараттандырды ведомстводан.

Қазақстан Республиксы Қылмысты кодексінің 344 бабының 3 бөлігімен күдікті ретінде танылған Авикомпанияның ұшу қызметі директорына қатысты қылмыстық іс негізінен қарау үшін 10 желтоқсан 2015 жылы Алматы қаласы Алмалы аудандық сотына жолданды.

дереккөз:Қазақстан жаңалықтары АА.

11 желтоқсан 2015, 11:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.