Атырау, 28 қараша 12:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

2 жыл ішінде Қазақстан түрмелерінде 500-дей адам қаза болды

2 861 просмотра

Image 0azattyq.org.Астана. 11 желтоқсан. ҚазТАГ - Бауыржан Мұқанов. 2 жыл ішінде Қазақстанның түзету мекемелерінде 500-дей тұтқын қаза болды, деп мәлім етті ҚР бас прокурорының орынбасары Жақып Асанов.

«Өкінішке қарай, біздегі пенитенциарлық жүйе кеңестік зоналардың іргетасында тұр. Еркіндікте өзін таба алмағандарды түрме күтіп тұрады, ол кейбіреулеріне мола да болады. Екі жыл ішінде онда 433 адам жерленді», - деді Ж. Асанов жұма күні «түрме реформасының» ІІІ форумында.

«Ақсай шатқалындағы 12 адамның өлімі мен Париждегі терактінің төркіні бір. Ол тұлғалар кезінде сотталғандар. Түрмеде жүргенде олар бір-бірін тауып, террорлық жолға түскендер. Түрмелер экстромистер мен терроршылардың инкубвторы бола алмайды.Егер бізде сотталғандарды әлеуметтік ортаға қайта бейімдейтін лайықты жүйе болса (ресоциализация), ондайға ұрынбауға болар еді», - деді ол.

Дереккөз: ҚазТАГ

11 желтоқсан 2015, 16:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.