Украина премьер-министрі Арсений Яценюк 11 желтоқсанда парламент алдында өзі басқаратын үкіметтің бір жылдық есебін береді. Есеп беруден соң Яценюктің үкіметі иммунитетінен айырылып, депутаттар үкіметті отставкаға жіберуі ықтимал. Себебі парламент 2014 жылдың желтоқсанында үкіметтің бір жылдық іс-қимыл жоспарын бекітіп, бір жыл уақыт берген.
Үкіметті отставкаға жіберу үшін оны 226 депутаттың көпшілігі қолдауы керек. Дегенмен, кеше парламенттік коалиция Яценюк үкіметіне сенімсіздік білдіру мәселесін жаңа салық кодексі мен елдің 2016 жылға арналған бюджеті қабылданғаннан кейін ғана қарау қажет деген. Үкімет екі құжатты да кеше кешке мақұлдаған. Енді оны парламент желтоқсанның соңына дейін бекітсе, онда Яценюк үкіметінің тағдыры таяуда нақтыланып қалуы мүмкін.
"Украина депутаттары үкіметтің есебін тыңдауға әзір, бірақ депутаттар үкіметтің отставкаға кетуін талап етпек ниетте емес" деп мәлімдеген парламент отырысы арасында "Петр Порошенко блогы" жетекшісінің орынбасары Игорь Кононенко.
Дереккөз: Азаттық радиосы