Бәсекелестік ортаға беруге ұсынылған ірі кәсіпорындардың арасында «Эйр Астана» әуе компаниясы жоқ. Бұл туралы ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті хабарлады.
Әуе компаниясын сату туралы үшінші тұлғалармен, «QatarAirways» немесе басқа да мекемелермен ешқандай келіссөздер болған емес.
Егер де тағайындалған қазақстандық әуе тасымалдаушыға айтарлықтай иелік пен тиімді бақылау Қазақстан Республикасына немесе оның азаматына тиесілі болмаса, ондай жағдайда әуе байланысы туралы халықаралық келісімдерге сәйкес шет мемлекеттерге халықаралық рейстерді жүзеге асыру құқы шектеледі.
«Эйр Астана» әуекомпаниясы - Еуропаға ұшуға рұқсаты бар жалғыз әуекомпания. Сондай-ақ, мемлекет тарапынан қаржылай қолдауды қажет етпейтін, ірі рентабельді кәсіпорын.
Дереккөз: ҚазАқпарат