Атырау, 26 қараша 12:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

​Каспийде жоғалып кеткен әзірбайжандық мұнайшылар іздестіріліп жатыр

1 695 просмотра

Image 0

Бүгін таңертең «Гюнешли» кенішіндегі №10 платформада болған өрт салдарынан Каспийде жоғалып кеткен әзірбайжандық мұнайшыларды іздеу жұмыстары жанданды, деп хабарлайды Trend.az жедел штабқа сілтеме жасап.

Агенттіктің ақпаратынша, кеше кешке күн райының қолайсыздығынан іздеу жұмыстары уақытша тоқтатылған болатын. «Қайғылы оқиға орын алған күннен бері із-түссіз кеткен мұнайшылардан еш хабар жоқ», - деп атап өтті Trend.

Штабтан мәлімдегендей, бүгін таңертең іздеу жұмыстары күшейтілді.

«Іздеу операциясына қосымша ТЖМ мен Шекара қызметінің тікұшақтары мен кемелер тартылды. Ауа райы да іздеу жұмыстарына қолайлы», - деді штабтан.

ТЖМ суда құтқару бойынша мемлекеттік қызмет күштері бірнеше күннен бері теңіз жағасын бойлай, жұмысшыларды іздестіруде.

Естеріңізге салып өтсек, төртінші желтоқсанда кенеттен қатты дауыл тұрып, су астындағы жоғары қысымды газ құбырына зақым келген болатын. Салдарынан платформа өртке оранып, 33 адам құтқарылды. Қазіргі таңда жеті адамның денесі табылған, тағы 23 мұнайшы із-түссіз жоғалғандар қатарында.

Дереккөз: bnews.kz

11 желтоқсан 2015, 11:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.