Астана. 11 желтоқсан. ҚазТАГ – Асхат Ахметбеков. Қазақстанда түрмедегілерді ұстап отыру үшін мемлекет бюджетінен жыл сайны Т30 млрд-тан астам қаражат бөледі.
«Жылына түрмедегі әр адамға Т750 мың бөлінеді (мемлекеттен)», - деді ҚР бас прокуратурасының ұсталғандардың, қамауға алынғандардың және қылмыстық жазасын өтеп жатқандардың құқықтарының сақталуын қадағалау департаментінің бастығы Серікбай Ерімбетов ҚазТАГ агенттігіне берген түсініктемесінде.
«Бізде қазір 40 мың сотталған бар. Оларды ұстап отыруға орасан зор сома қаражат кетіп жатыр», - деді ҚР бас прокуратурасының өкілі.
Еске салсақ, 2015 жылғы 1 желтоқсанға еліміздің түзету мекемелерінде 40 159 бас бостандығынан айрылғандар отыр.
Қазақстанда қазір 75 түзету мекемесі бар.
Дереккөз: ҚазТАГ