Атырау, 9 қазан 03:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Грузия: Ресей әуе кеңістігімізді бұзды

2 487 просмотра

Image 0Грузия мен одан бөлінген Оңтүстік Осетия арасындағы шекара сызығы. (Көрнекі сурет). Грузия билігі ресейлік әскери тікұшақ елдің әуе кеңістігін бұзғанын мәлімдеді. Грузия қорғаныс министрлігінің ақпараты бойынша, Ми-8 тікұшағы Грузиядан бөлінген Оңтүстік Осетия аймағындағы "оккупация сызығын" кесіп өтіп, бірнеше минуттан соң бағытын өзгерткен. Тбилиси оқиғаны "аймақ тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретін арандатушылық әрекет" деп атады.

Ресей қорғаныс министрлігі бұл айыптауды жоққа шығарып, "Соңғы тәулікте ресейлік әскери ұшақтар Грузия территориясы үстінен ұшқан жоқ" деп мәлімдеді. Грузия билігі Оңтүстік Осетия мен Абхазиямен әкімшілік шекарасын "оккупациялық сызық" деп атайды. Ресей 2008 жылы тамызда Грузиямен қысқа уақытқа созылған әскери қақтығыста бұл территорияларды "тәуелсіз" деп таныған.

Дереккөз: Азаттық радиосы

11 желтоқсан 2015, 11:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.