Атырау, 1 қаңтар 10:05
 ашықВ Атырау -3
$ 505.53
€ 593.44
₽ 6.34

Барлық жаңалық

Жасөспірімдерді азғындаған Питер Барох сегіз жылға сотталды Қазақстанда

Жасөспірімдерді азғындаған Питер Барох сегіз жылға сотталды

Ұлыбритания азаматы Питер Барох жасөспірім қыздарды азғындағаны үшін сегіз жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Үкімді Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты шығарды. Питер Барох кәмелетке толмағандардың қатысуымен түсірілген порнографиялық материалдарды әзірледі деп айыпталды. 25 маусым 2014, 11:52 1 660 рет қаралды
Мәжіліс Ауғанстаннан Британияның әскери жүктерін тасымалдау туралы келісімді ратификациялады Қазақстанда

Мәжіліс Ауғанстаннан Британияның әскери жүктерін тасымалдау туралы келісімді ратификациялады

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Үкіметі арасындағы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі Қарулы Күштерінің Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі халықаралық іс-қимылдарға қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктің/арнайы жүктің транзитін қамтамасыз ету туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды деп хабарлайды агенттік тілшісі. 25 маусым 2014, 10:55 2 060 рет қаралды
Ан-72 ұшағының апатқа ұшырауына қатысты апелляциялық сот отырысы 27 маусымда жалғасады Қазақстанда

Ан-72 ұшағының апатқа ұшырауына қатысты апелляциялық сот отырысы 27 маусымда жалғасады

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Ан-72 әскери ұшағының апатқа ұшырау дерегі бойынша апелляциялық сот отырысы 27 маусым күні жалғасатыны белгілі болды, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі. 25 маусым 2014, 10:53 1 974 рет қаралды
Албания Еуроодаққа кіруі мүмкін Әлемде

Албания Еуроодаққа кіруі мүмкін

Еуроодақ кеңесі Албанияға ЕО мүшелігіне үміткер деген мәртебе берді. Бұл жайында еурокомиссар Штефан Фюле өзінің Твиттер парақшасында хабарлады. Ол Албанияны құттықтай келе Кеңес шешімін "мемлекеттегі реформалардың күшеюін мойындағанымен" байланыстырды. 25 маусым 2014, 09:53 2 116 рет қаралды
Парламент мемлекеттік басқаруды жетілдіруге бағытталған заң қабылдады Қазақстанда

Парламент мемлекеттік басқаруды жетілдіруге бағытталған заң қабылдады

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына Сенат енгізген өзгерістермен келісті. Осылайша, Парламент аталған заңды қабылдап отыр. 25 маусым 2014, 09:36 1 470 рет қаралды
Қазақстан электрондық үкімет бойынша БҰҰ рейтингісінде 10 санатқа көтеріліп, 28-ші орынға жайғасты Қазақстанда

Қазақстан электрондық үкімет бойынша БҰҰ рейтингісінде 10 санатқа көтеріліп, 28-ші орынға жайғасты

Біріккен Ұлттар Ұйымының электрондық үкіметті дамыту жөніндегі рейтингісіне сәйкес Қазақстан өзінің көрсеткішін 10 позицияға жақсартып, 193 елдің ішінен 28-ші орынға жайғасты деп хабарлайды ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің баспасөз қызметі. 25 маусым 2014, 09:34 1 769 рет қаралды
Ауғанстанда президент сайлауы аяқталғанға дейін әлеуметтік желілерді уақытша жабады Әлемде

Ауғанстанда президент сайлауы аяқталғанға дейін әлеуметтік желілерді уақытша жабады

Алматы. 24 маусым. ҚазТАГ – Ауғанстанда президент сайлауы аясында орын алып отырған қарбаластықтың артуына байланысты кейбір интернет-ресурстарға кіруді уақытша жауып тастауды жоспарлауда, деп хабарлады Ауған телеграф агенттігі (АуТАГ). 24 маусым 2014, 18:14 1 695 рет қаралды
Үкімет елді газдандыру жоспарын қабылдады Қазақстанда

Үкімет елді газдандыру жоспарын қабылдады

Үкіметтің бүгінгі отырысында Қазақстанды газдандырудың бас сызбанұсқасы мақұлданды. Оған сәйкес, 2030 жылға дейін газды тұтынатын абоненттердің санын екі есеге арттыру жоспарланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалинге сілтеме жасап. 24 маусым 2014, 15:27 1 541 рет қаралды
Салалық ведомстводағылар олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне өмірлік зейнетақы тағайындауды ұсынуда Қазақстанда

Салалық ведомстводағылар олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне өмірлік зейнетақы тағайындауды ұсынуда

Астана. 24 маусым. ҚазТАГ - Оксана Скибан. «Дене шынықтыру және спорт туралы» заң жобасында спортшыларға өмірлік зейнетақы тағайындау ұсынылуда, деп мәлім етті ҚР дене шынықтыру және спорт туралы агенттік төрағасы Тастанбек Есентаев. 24 маусым 2014, 14:02 2 567 рет қаралды
Жүкті әйел мен баланы қағып кеткен шенеунік жұмыстан шығарылды Қазақстанда

Жүкті әйел мен баланы қағып кеткен шенеунік жұмыстан шығарылды

Жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін айыпталып отырған Алматы облысы Ұйғыр ауданы бойынша салық басқармасының жетекшісі Бақыт Құрмашев қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 24 маусым 2014, 12:32 2 766 рет қаралды
Джулиан Ассанж - Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Қазақстанда

Джулиан Ассанж - Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты

Австралиялық журналист Джулиан Ассанж Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты атанды, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне одақ президенті Сейітқазы Матаев айтты. 24 маусым 2014, 10:12 2 198 рет қаралды
Бостонда қазақстандық студент жазасын жеңілдетуге айырбас ретінде айыбын мойындамады Қазақстанда

Бостонда қазақстандық студент жазасын жеңілдетуге айырбас ретінде айыбын мойындамады

Алматы. 24 маусым. ҚазТАГ – Бостонда қазақстандық студент Азамат Тажаяқов жазасын жеңілдетуге айырбас ретінде айыбын мойындаудан бас тартты, деп хабарлады шетелдік БАҚ-тар. 24 маусым 2014, 10:09 1 492 рет қаралды
Сирия химиялық қару-жарағын толық тапсырды Әлемде

Сирия химиялық қару-жарағын толық тапсырды

Сирия билігі өзінде бар делінген барлық химиялық қару-жарағын мұхитта жоюға өткізді. Халықаралық химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым басшысы Ахмет Узюмджю 1 мың 300 тоннаны құрайтын арсеналдың соңғы партиясы Сирияның Латакия портынан кемелерге тиелгенін мәлімдеді. 24 маусым 2014, 09:30 1 985 рет қаралды
Украинада сепаратистер атысты тоқтата тұруға келісті Әлемде

Украинада сепаратистер атысты тоқтата тұруға келісті

Украинаның шығысындағы ресейшіл сепаратистер жетекшілері 27 маусымға дейін атысты уақытша тоқтата тұру туралы келісімді сақтайтындарын білдірді. Бұл жайында Ресей, Украина мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) өкілдерімен кездесуінде өзін өзі жариялаған "Донецк халық республикасы" премьер-министрі Александр Бородай мәлімдеді. Оның сөзінше, өзін өзі жариялаған "Луганск халық республикасы" сепаратистері де келісімді сақтауға келіскен. 24 маусым 2014, 09:28 1 465 рет қаралды