Атырау, 16 сәуір 03:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 474.08
€ 558.28
₽ 6.26

Биле, биле, жастық шақ

2 535 рет қаралды

Дүйсенбі күні таңертең қазақстандық мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесі құрметіне облыстық әкімдік ғимаратының алдында жас шенеуніктер флеш-мобқа қатысты.

Шараны ұйымдастырушы – облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік департаменті. Жас шенеуніктер облыстық әкімдік алдындағы алаңға жиналып, Zumba Fitness-тегі замандастарының би қозғалыстарын қайталап, еліктіретін үш биді билеп шықты. Флеш-мобқа 29 жасқа дейінгі 200 шақты мемлекеттік қызметшілер қатысты.

- Біз оларды шаршатып жіберетін жұмыстардан біраз сергітіп, мемлекеттік қызметшілердің мамандығына жұртшылықтың назарын аудартқымыз келді, - дейді флеш-мобты ұйымдастырушылар.

Атырау облысында барлығы 3 646, облыс орталығында – 1 449 мемлекеттік қызметшілер жұмыс істейді. Жас шенеуніктер (29 жасқа дейінгі) – 294 адам.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

24 маусым 2014, 10:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.