Атырау, 24 қараша 13:52
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

ОАР президентін интернет арқылы сатпақ болған

1 428 просмотра
Оңтүстік Африка республикасының президенті Джэйкоб Зуманы бәзбіреулер Gumtree порталы арқылы сатып жібермек болған деп хабарлайды Independent Online. 

19 маусым күні жарияланған лот авторы Average Joe деген атпен тіркелген. Порталға жүктелген президент суретінің астына ол Зуманың тым қымбат көп шығын алып келіп жатқанын жазған.
Сонымен қатар, лот авторы сатылымға қойған "тауарын" алмастыруға да болатынын мәлімдепті. Анықтамаға ол "ақылдырақ және арзанырақ түріне алмастырамын" деген жазба қалдырған. Автор сатып алушылар тарапынан кез-келген ұсынысты қарайтынын айтты.
Жарнамалық лот порталда ұзақ тұрған жоқ. Биліктің араласуымен портал модераторлары оны өшіріп тастаған. Дегенмен, интернет пайдаланушылары аталған беттің көшірмесін алып, ғаламтор арқылы таратып жіберді.

Дереккөз: Baq.kz

25 маусым 2014, 09:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.