Атырау, 25 қараша 11:41
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жүкті әйел мен баланы қағып кеткен шенеунік жұмыстан шығарылды

2 655 просмотра

Жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін айыпталып отырған Алматы облысы Ұйғыр ауданы бойынша салық басқармасының жетекшісі Бақыт Құрмашев қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының бұйрығымен Бақыт Құрмашев қызметінен босатылды", - делінген хабарламада. Алматыда болған жол-көлік оқиғасына байланысты "Жол қозғалысы және көлікті пайдалану ережесін бұзу", "Жол-көлік оқиғасы орнынан кетіп қалу" және "Қауіпте қалдыру" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. Тергеу жүріп жатыр.

Жол-көлік оқиғасы 23 маусым күні болды. Lexus жүргізушісі жүктіліктің тоғызыншы айындағы әйел мен оның үш жасар баласын қағып кетіп, оқиға орнынан тайып тұрған. "Жүргізуші жол-көлік апаты болған жерге дәрігерлерді шақырып, әйел мен балаға алғашқы көмек көрсетудің орнына тар көшелердің біріне бұрылып кетіп, тығылып қалмақшы болған. Жол-көлік апатының 30 жастағы куәгері ерлік танытып, қашпақ болған кінәліні қуып жеткен. Куәгер әйел өзінің көлігімен кінәлі жүргізушінің алдын көлегейлеп тұрып алыпты. Медициналық сараптау нәтижесі жүргізушінің алкогольден орташа деңгейде мас болғанын анықтады", - деп хабарлады Алматы қаласы ІІД Тергеу басқармасының бастығы Рустам Әбдірахманов. 

Әйелдің жамбасы мен қабырғасы сынған. Ал басы жарылған баланың жағдайы ауыр, ол комада жатыр.

Дереккөз: tengrinews.kz

 

24 маусым 2014, 12:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.