Атырау, 30 қыркүйек 05:33
 дождьВ Атырау +14
$ 439.37
€ 498.60
₽ 5.22

Шетелге қатынайтын пойыздардың билеті арзандайды

2 186 рет қаралды

«Жолаушылар тасымалы» АҚ биылғы жылдың 1 тамызынан бастап теміржол билеттерінің құнына жеңілдіктер қарастырылғаны туралы мәлімдеді.

«Жолаушылар тасымалы»АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі Тимур АСЫЛХАНОВТЫҢайтуынша, атап айтқанда, «Тұлпар-Тальго»пойыздарында мүгедектер мен оларға еріп жүретін серіктері үшін «Гранд-СВ»класындағы вагондарда 50 пайыз мөлшерінде жеңілдіктер бекітілген. «Гранд-СВ» және «Бизнес-купе» класындағы вагондардың жолаушылары үшін демалыс күндері жұмыс күндеріндегі тарифтің деңгейінде тариф бекітілген (мерекелік және мереке қарсаңындағы күндерден басқа).

– Бұдан басқа, Қазақстанда қалыптасқан мемлекетаралық бағыттағы пойыздарда вагондардың барлық типіне 30 пайыз жеңілдік бекітілген,  – дейді Т. Асылханов.

Тағы бір жақсы жаңалық: «Жолаушылар тасымалы» АҚ мен ресейлік «Федералдық жолаушылар компаниясы» ААҚ халықаралық пойыздарға билетті алдын ала сатып алған жағдайда жеңілдіктер жасау туралы келісім жасады. Мәселен, «СВ» мен купе вагондарына – 45-тен 31 тәулікке дейін пойыздың жүрісіне 30 пайыз; 30-дан 16 тәулікке дейінгі пойыздың жүрісі 15 пайыз; плацкарт санатты вагондарда: 45-тен 31 тәулікке дейінгі пойыздың жүрісіне 20 пайыз; ал 30-дан 16 тәулікке дейінгі пойыз жүрісіне 10 пайыз жеңілдіктер қарастырылған.

Жеңілдіктер қарастырылған билеттерді интернет арқылы www.epay.railways.kz сайтынан алуға болады.

– Мысалы, ұшаққа билетті ерте броньдау кезінде де едәуір жеңілдіктер болады ғой, бірақ егер жолаушы ұшу сапарына шыға алмайтын болса, оған ақшасы қайтарылмайды...

– Бізде қайтарым жүйесі қарастырылған, –дейді Т. Асылханов. – Бірақ егер дәл пойыз жүрер алдында бармайтыны белгілі болса, онда әрине, билет құнының әлдебір бөлігі ұсталады.

Анастасия ПАСТУХОВА

24 маусым 2014, 10:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.