Алматы. 24 маусым. ҚазТАГ – Ауғанстанда президент сайлауы аясында орын алып отырған қарбаластықтың артуына байланысты кейбір интернет-ресурстарға кіруді уақытша жауып тастауды жоспарлауда, деп хабарлады Ауған телеграф агенттігі (АуТАГ).
«Әлеуметтік желілер ұлтаралық дау туғызу үшін емес, игі мақсатта қолданылуы керек. Кез келген сәтте ғаламтордағы балағаттаудың салдары үлкен дауға айналуы мүмкін», - деп келтіреді АИР парламентінің депутаты Анар Кали Хунарьярдың сөзін агенттік.
Facebook жұмысын шектеуді көптеген ауған заңнамасы қолдап отыр. Оған мемлекеттік қызметкерлердің, саясаткерлер мен қарапайым азаматтардың көптеген шағымдары негіз болған. Билік сондай-ақ арам пиғылды пайдаланушылармен де жеке жұмыстар жүргізуді жоспарлап отыр. Оларға айыппұлдар салынумен қатар, бас бостандықтарынан айырулары да мүмкін.
22 шілдеде дауыс берудың ақырғы нәтижесі жарияланғанға дейін ғаламторды пайдалануға тыйым салынуы мүмкін.
Еске алсақ, Ауғанстанда 14 маусымда президент сайлауының екінші туры өтті. Мемлекет басшысы тағына бұрынғы СІМ Абдулла Абдулла мен бұрынғы қаржы министрі Ашраф Гани Ахмадзай таласуда, олар бірінші турда сәйкесінше 44,9% және 31,5% дауыс жинады. Сайлаудың ресми қорытындысы 2 шілдеде жарияланады.
Дереккөз: ҚазТАГ