Атырау, 1 қазан 14:21
 ашықВ Атырау +17
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Ан-72 ұшағының апатқа ұшырауына қатысты апелляциялық сот отырысы 27 маусымда жалғасады

1 883 просмотра
ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Ан-72 әскери ұшағының апатқа ұшырау дерегі бойынша апелляциялық сот отырысы 27 маусым күні жалғасатыны белгілі болды, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі. 

Естеріңізге сала кетейік, ҰҚК шекара қызметі «Ан-72» әскери ұшағының 2012 жылдың желтоқсан айында апатқа ұшырауына қатысты «Қазаэронавигация» компаниясының шымкенттік филиалының диспетчері Қанат Ақылбеков ҚР Қылмыстық кодекстің «Абайсызда екі, не одан да көп адамның өліміне соқтырған әуе көлiгi қозғалысы қауiпсiздiгi ережелерiн бұзу» бабы бойынша айыпты деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

«Қанат Ақылбеков ҚР Қылмыстық кодексінің 295 бабы 3 бөлімінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылады. Оны 3 жылға дейін әуе-көлік авиациясында диспетчер қызметімен айналысу құқығынан айыра отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын жалпы режимдегі қоныс колониясында өтеу түріндегі жаза тағайындалсын», - деген еді судья Саидбаттал Тоқбергенов.

Сондай-ақ, сот жәбірленушілердің моральдық өтемақы туралы шағымын ішінара қанағаттандырып, сотталушы Қанат Ақылбековты жәбірленуші Әбішеваға 1 миллион теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттеген еді.

Дегенмен, сот үкімімен келіспеген сотталушы тарап апелляциялық шағым түсірген болатын. Апелляциялық сот отырысы 24 маусымда өтеді дегенмен, 27 маусымға шегерілді.

«Диспетчердің айыпты емес екенін дәлелдеу үшін соңына дейін барамыз», - дейді айыпталушы тарап.

Дереккөз: bnews.kz

 

25 маусым 2014, 10:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.