Атырау, 1 қазан 14:26
 ашықВ Атырау +17
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

2014 жылы 13 БАҚ өкілі Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаттары атанды

3 499 просмотра

Сейітқазы Матаев. Фото dknews.kzСейітқазы Матаев. Фото dknews.kzАлматы. 24 маусым. ҚазТАГ – 2014 жылы 10 номинацияда 13 БАҚ өкілі мен 2 редакциялық ұжым Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаттары атанды.

Мысалы, «Репортерлік жұмыс» атауында «Егемен Қазақстан» газетінің Ақмола облысындағы меншікті тілшісі Бақберген Амалбеков пен  Солтүстік Қазақстан облыстық «Неделя СК» газетінің репортері Александр Кондратовөңірдегі қоғамдық-саяси оқиғаларды шұғыл жариялап отырғаны үшін лауреат атанды.

«Экономикалық шолу» атауында «Казахстанская правда»газетінің Павлодар облысы бойынша меншікті тілшісі Сергей Горбуновпен Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің бас редакторының орынбасары Ерсін Мұсабеков Қазақстан өңірлерінің экономикалық дамуы туралы талдамалық мақалалары үшін лауреат атанды.

«Саяси шолу» атауында республикалық «ДАТ - Общественная позиция» және «Новая газета - Казахстан»газеттерінің шолушысы Жұмабике Жүнісова Қазақстандағы азаматтық қоғам дамуының жолдары туралы талдама шолу мақалалары үшін ең үздік деп танылды.

«Журналистік зерттеу» атауында австралиялық журналист – блогер Джулиан Ассанж «WikiLeaks»сайтын ашқаны үшін лауреат атанды.

«Іздестіру мақалалары» атауында атыраулық «Ақжайық» газетінің бас редакторы Сабыр Қайырханов Семей ядролық полигонының жабылуының 25 жылдығына арналған мақалалар топтамасы үшін ең үздік деп танылды.

«Теледидарлық жұмыс» атауында «Астарлы ақиқат» және «Другая правда» бағдарламаларын ұйымдастырғаны үшін «Коммерциялық телеарна» тележүргізушілері Дина Төлепберген және Алексей Шахматовпен ПИК телестудиясының ұжымы (жетекшісі Жәнібек Сүлеев) «Дәрігер – біздің өзгеруімізге көмектесетін адам» атты деректі фильмі үшін  ең үздіктер деп танылды.

«Зерттеу жұмысы» атауында «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторының орынбасары Еркін Жаппасұлы мен республикалық «Айқын» газетінің бөлім редакторы Гүлнәр Тәжиева еліміздің танымал мәдениет және әдебиет майталмандарының шығармашылығы туралы очерктер топтамасы үшін лауреат атанды.

«Ғылыми-танымдық жұмыс» атауында «Шпаргалка для начинающих журналистов»(«Еңбек жолын енді бастаған журналистерге шпаргалка») оқу құралын жазғаны үшін  ҚазТАГ халықаралық ақпараттық агенттігінің шолушысы Мәдина Әлімханова лауреат атанды.

«Медиа-жоба» атауында Жетісудың әлеуметтік-экономикалық проблемаларын жазудағы шығармашылық ізденістері үшін «Вечерний Талдыкорган»газетінің ұжымы лауреат атанды.

«Фотожұмыс» атауында қазақстандық журналдар мен газет беттерінде қазақстандықтардың көркем бейнелерін жасағаны үшін фоторепортер Серікжан Қобланбаевлауреат атанды.

Одан басқа, баспасөзді қолдағаны және журналистермен түсініскені үшін Астана және Қазақстан метрополиті Александрдың еңбегі, Қазақстан журналистикасының ардагері Африза Айтбаеваның, А.Н.Сызғанов ат. ұлттық ғылыми хирургия орталығының бас директоры Жеткерген Азықұловтың,  ҚР байланыс және ақпарат агенттігінің ақпарат департаментінің директор орынбасары Жанболат Байбосыновтың, «Вечерняя Алматы» газетінің бас редакторы Николай Жоровтың, Орал қалалық әкімінің бұрынғы баспасөз хатшысы Ибрагим Жүсіпқалиевтің, «Қазақтелеком» АҚ президенті Қуанышбек Есекеевтің, Халықаралық баспасөз институты ҚР ұлттық комитетінің төрағасы Болат Ережеповтың, Қазақстан баспасөз-клубының президенті Әсел Қарағұлованың, «Каспий банк» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Кимнің, Астанадағы Ұлттық баспасөз клубының вице-президенті Құдайберді Мәженовтың, әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтановтың, Қазақстан бас редакторлар клубының вице-президенті Мұратбек Тоқтағазиновтың еңбектері Қазақстан журналистер одағының дипломдарымен аталып өтілді.

Сондай-ақ Қазақстан журналистер одағы мен «Қазинпресс» қауымдастығы Амангелді Ахметәлиев атындағы сыйлықпен Қазақстан ақпараттық қызметін дамытудағы қосқан қомақты үлесі үшін қоғам қайраткері Әміржан Қосановты марапаттады.

Өз кезегінде, Қазақстан журналистика Академиясы жалпыұлттық «Алтын жұлдыз» сыйлығымен «Қазақстан энциклопедиясы» бас директоры Бауыржан Жақыпты марапаттады.

Халықаралық «Казахстан – ZAMAN»газеті Рахымбай Ханалы атындағы сыйлықпен фотожурналистикаға қосқан үлесі үшін «Оңтүстік Қазақстан» газетінің фототілшісі Шерім Мұхтарды марапаттады.

Жас телепублицистер үшін Бейбіт Құсанбек ат. жеке сыйлықпен «Қазақстан» телеарнасының жүргізушісі Маржан Көкішева марапатталды.

Дереккөз: ҚазТАГ

24 маусым 2014, 18:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.