Атырау, 25 қараша 11:39
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Салалық ведомстводағылар олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне өмірлік зейнетақы тағайындауды ұсынуда

2 466 просмотра

Фото diapazon.kz сайтынан алынды. Фото diapazon.kz сайтынан алынды. Астана. 24 маусым. ҚазТАГ - Оксана Скибан. «Дене шынықтыру және спорт туралы» заң жобасында спортшыларға өмірлік зейнетақы тағайындау ұсынылуда, деп мәлім етті ҚР дене шынықтыру және спорт туралы агенттік төрағасы Тастанбек Есентаев.

«Заң жобасында Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне  өмірлік зейнетақы тағайындау қарастырылады. Сондай-ақ олардың қатарында спорттың олимпиадалық түрлері мен олардың жеке бапкерлері, оған қоса паралимпиялықтар мен сурдлимпиялықтар да бар», - деді Т. Есентаев парламент сенатының дәліздерінде сейсенбі күні «Дене шынықтыру және спорт туралы» заң жобасына ензіліген түзетулерге түсініктеме беріп тұрып.

Т. Есентаевтың айтуынша, заң жобасы аясында ай сайынғы зейнетақы мөлшері 24 АЕК мөлшерінде қарастырылады.

«Оның мөлшері 24 АЕК, яғни шамамен Т44 мың 500», - деді ол.

Агенттік басшысының айтуынша мұндай тәжірибе «әлемнің еш мемлекетінде жоқ».

«Ондай еш жерде жоқ, тек Қазақстанда ғана бар. Ресей Федерациясында бар, бірақ олар оны өңірлік аумақта, бір рет және қорлар арқылы шешеді», - деді Т. Есентаев.

Төраға парламент сенатының депутаттары аталған ұсынысты қолдайды деп сенім білдіреді.

«Депутаттар қолдайтын шығар деп ойлаймын, себебі біздің олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері оған лайықты. Олар біздің елдің беделін көтереді. Оны мен дұрыс деп есептеймін», - деді ол.

1 АЕК = Т1852

Дереккөз: ҚазТАГ

24 маусым 2014, 14:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.