Болат ДӘУКЕНОВ сот залында. Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ.Қаржы полициясы «Бергей РЫСҚАЛИЕВТЫҢ ҰҚҚ» ісі бойынша тергеу кезінде берген өз жауаптарынан бас тартқан куәгерлерге қатысты қылмыстық іс қозғады.
КУӘГЕРЛЕРДЕН - КҮДІКТІЛЕРГЕ
Бұл туралы Атырау мамандандырылған ауданаралық сот залында облыс әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары, қазіргі сотталушы Болат ДӘУКЕНОВ 11 маусымда «Автожолдар: «Салтанат» ШҚ, «Атаба», «Ус-99» топтамасын қарау кезінде мәлімдеген болатын.
Редакция сауалына берген жауабында ЭСҚКД іс бойынша бұрын куәгерлер ретінде өткен, қазіргі күдіктілер САРҒОЖИНҒА, ИЛЬЯСОВАҒА, НЕРЕНОВКЕ, ЕРШИКОВКЕ, САБЫРҒАЛИЕВАҒА қатысты тергеу басталғанын растады. Олардың барлығы – облыстық әкімдіктің түрлі басқармаларының бұрынғы немесе қазіргі қызметкерлері. Бұл тұлғалар, естеріңізге салсам, сотта мойындағандарындай, тергеушілердің қысымымен немесе білместікпен (оларға қол қоюға өздері толтырмаған хаттамалар берілген немесе ол жерде маңыздыдаталар қойылмаған деп) түрлі уақыттарда өздері қол қойған жауаптардан бас тартты. Оларға ҚР ҚК-нің 176-бабының 3-тармағының «б»және «г» тармақшалары («Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету») бойынша айып тағылды. Осы бап бойынша айыпталғандарға мүлкін тәркілеумен қатар бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі бар. Прокурорлар бірнеше апта бұрын сотқа аталмыш куәгерлердің тарапына жеке ұйғарым енгізу туралы өтініш беріп, оларды жалған жауаптарбергені үшін айыптау жөнінде жауапкершілікке тартуға тырысқан болатын. Адвокаттар құрамымен сотталушылардың барлығы сол кезде мұны «куәгерлерге қысым көрсету» деп атап, қарсы пікір айтқан еді. Тараптардың пікірлерін тыңдаған сот өтінішті ашық күйде қалдырды. Өйткені қаралып жатқан бүкіл іс материалдарымен толықтай жете таныспайыншамұндай шешімдерқабылданбайды.
ЭМОЦИЯСЫЗ МҮМКІН БОЛМАДЫ
Лариса ЖҰМАҒАЛИЕВА. Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ.«Бизнестің жол картасы-2020» («Автожолдар» топтамасы) бағдарламасының шеңберінде Аймақтық үйлестіру кеңесі (АҮК) мақұлдаған жобалар топтамасымен жете танысу барысында сотталушы Дәукенов куәгерлерге қысым көрсетілетіндігі туралы әлденеше рет мәлімдеген болатын. Атап айтқанда, ол АҮК құрамында болып, куәгерлік жауаптар берген облыстық әкімдіктің өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасының басшысы Лариса ЖҰМАҒАЛИЕВАМЕН ашық сөзге келіп қалды.
- Лариса Жасталапқызы, осыжерде процеске қатысушылар, сіздің әріптестеріңіз бұл бағдарламаның қалай іске асырылғаны жөнінде сіздің аузыңыздан естігілері келеді. Ал сіз болсаңыз, мен ешқашан болған емеспін және ештеңе білмеймін деп, жақсы позицияны ұстаныпсыз. Егер сізге осылай өмір сүру қолайлы болса, сүре беріңіз! - деп, дауысын көтере қатты айтты Дәукенов.
- Нақты сұрақтар қойыңыздар, мен де нақты жауаптар беруге тырысамын, - деп, қайтарып тастады Жұмағалиева.
- Сіздің тұсыңыздаөндірістік инфрақұрылым бойынша қанша жоба өтті?
- Ал сіздің есіңізде ме, Болат Асылұлы, АҮК төрағасы сіз болдыңыз ғой?
- Сұрақты сізге мен қойып отырмын.
- Егер сіз бұл сұрақты алдын ала қойған болсаңыз…
- «Есен», «Фиш», «Каспий фиш», «Досжан и К»… - деп шыдамсыздана өзі санамалай бастады Дәукенов.
- Мен бұл сұрақты мүлдем орынсыз қойылып отыр деп есептеймін, - деп сөзін бөлді оның бұрынғы бағыныштысы.
- Сіз маған ненің орынды, ненің орынсыз екенін айтпақсыз ба?! Кездескенше! - деп, Дәукенов диалогты дөрекі түрде үзіп тастады.
Осы жерде судья Гүлнәр ДӘУЛЕТОВАараласып, адвокат СЛИНЧЕНКОҒА «қорғалушысының әрекеттерін талқылап, оны тәртіпке шақыруға» өтініш білдірді.
- Мәртебелім, куәгерлердің барлығы жасып, қорқып қалған, айтқысы келмейді, сондықтан эмоцияға ерік беріп жатырмын, - деп ақталмақ болды Дәукенов.
Келесі күні ол сөз алып, процеске қатысушылардың алдында өзінің ұстамсыздығы үшін кешірім сұрады. Дәукенов өзінің тым артық қызбалығын, өзі айтқандай, куәгерлерге қысым көрсету фактісіне теліп, сол кезде өз жауаптарынан бас тартқан куәгерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалғаны жөнінде хабарлаған еді.
- Қылмыстық істің қозғалуына соттың ешқандай қатысы жоқ, сіз мұны білесіз, - деп Гүлнәр Дәулетова бұл мәлімдемеге түсініктеме берді. - Сот тарапынан ешқандай қысым жоқ.
КІМ ҚАЛАЙ БАЯНДАП, ҚАЛАЙ ӨЛШЕЙДІ?
Отырыс барысында куәгерлер де, сотталушылар да тергеушілердің «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының шартын қате баян еткендігін көрсетті. Тергеу ісі мұнда кейбір басқарма басшыларының белгілі бір фирмалардың мүдделерін лоббилендіру фактілері мен сыбайлас жемқорлық заңбұзушылықтар орын алғандеп тапты. Тергеушілердің жорамалы бойынша, мемлекеттіңкөмегі белгілі бір жоба құнының 50 пайызынан асуы мүмкін емес. Алайда куәгерлердің барлығы осы бағдарлама бойынша мемлекет кәсіпорынның баланстық құнының 50 пайызы мөлшерінде қолдау көрсетті деп сотты сендірді.
Осы түсіндірмемен барлықкуәгерлер, соның ішінде Лариса Жұмағалиева, Атырау облыстық Кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағының төрағасы Әлия БЕКҚОЖИЕВА, жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысыМейірім ҚАЛАУИ, қатысы бар басқармалардың қызметкерлері мен бөлім басшылары да келісті.
Сондай-ақ, тергеу ісі бағдарлама бойынша бөлінген бюджет қаржыларының игерілуі жөнінде мәселе қойды. «Салтанат» шаруа қожалығының мысалында тергеушілер жолдың бір бөлігінің заңсыз салынғанын дәлелдегілері келді. Тергеу ісімен тартылған сарапшы өлшем жүргізуге құқығы жоқ екендігін мойындады, бірақ тиісті құжатқа қол қойған.
Іс материалдарына сәйкес, Атырау-Орал тас жолынан шаруашылыққа баратын2000 метр болатын көлік жолының тек 500 метрі ғана бар. Алайда басқа куәгерлер іс жүзінде жол ұзындығы жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес келетіндігі – тас жолдан көлікжай қақпасына дейін 1964 метр болатындығы туралы мәліметтер келтірді. Соның ішінде адвокаттар бұрын «Салтанат» шаруа қожалығына құрылыс басқармасының талап-арызы бойынша жұмыстардың толықтай көлемде орындалғаны және жұмыс комиссиясының қабылдағаны туралы шығарылған сот шешіміне сілтеме жасады. Ал жол төселген жер мемлекет меншігіне берілген.
«ӘЛІ КҮНГЕ ДЕЙІН АНЫҚТАЙ АЛМАЙ КЕЛЕМІЗ»
Осы топтаманы қарау барысында ЭСҚКД тергеушісі Ғалымбек БИСЕНҒАЛИЕВ та түсінік берді. Ол астаналық әріптесі секілді жауап берді («Экс-әкімнің ісі. Тергеушіден жауап алу»), көптеген егжей-тегжей есінде болмады немесе қате мағлұмат алған.
Мердігерлердің бірінің алдындағы мемлекеттің 10 пайыз бережағының төленбеуі мәселесі бойынша тергеудің толық емес және объективті болмағандығы туралы адвокаттардың бірінің сұрағына Бисенғалиев:
- Бұл сіздің пікіріңіз шығар, - деді.
- Кешіріңіз, бұл тек оның ғана пікірі емес,- деп араласты судья. - Біз әлі күнге дейін мемлекет осы 10 пайызды аударды ма, жоқ па, анықтай алмай келеміз. Жалпы іс материалдарында деректер жоқ, сіз бұл жайтты тіпті тергемегенсіз. Сіз жауабын бере аласыз ба?
- Қазірменіңесімде жоқ, - деп жауап берді Бисенғалиев.
Тағы да көптеген куәгерлердің жауаптарының ұқсастығы туралы мәселе көтерілді.
- Түсіндіріңізші, түрлі тіршілік деңгейіндегі және түрлі білімі бар адамдардың бірдей етіп, үтірге дейін тұтас абзацтарды жазғанын қалай түсіндіресіз? Бірдей тұжырымдар неліктен жиі кездеседі? - деп сұрады адвокат ЕЛШІБАЕВА.
- Бұл адамдар жауаптарына қол қойды, олар үшін мен жауап бермеймін. Демек, солай айтқан.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА