Атырау, 1 қазан 14:18
 ашықВ Атырау +17
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Мәжіліс Ауғанстаннан Британияның әскери жүктерін тасымалдау туралы келісімді ратификациялады

1 966 просмотра

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Үкіметі арасындағы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі Қарулы Күштерінің Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі халықаралық іс-қимылдарға қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктің/арнайы жүктің транзитін қамтамасыз ету туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Аталған келісім 2014 жылдың 15 сәуірінде Астанада жасалған болатын. Келісім Ауғанстан қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оны тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі халықаралық іс қимылдарды қолдау мақсатында Британ тарапының ілесіп жүретін персоналының жүктер транзитін жүзеге асыру тәртібі айқындалады. Бұл ретте Британ тарапы келісімге сәйкес, жүктің транзитін жүзеге асыру барысында Қазақстанның заңнамасын сақтауға, сонымен қатар Қазақстанның ішкі істеріне араласпауға міндетті болады. Ал Қазақстан тарапы егер транзиттің осы Келісімге сәйкес келмейтіні немесе еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретіні анықталған болса, жүктің транзитіне рұқсат беруден бас тартуға не транзитке рұқсаттың қолданысын тоқтатуға құқығы болады. Бұдан бөлек, Британ тарапы көлік-экспедициялық агенттіктер, компаниялар арасында жасалған шарттар негізінде Қазақстан аумағы өтетін жүктің транзитіне байланысты барлық шығындарды өздері көтеретін болады.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Сенатқа жолданатын болады.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

25 маусым 2014, 10:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.