Атырау, 25 қараша 11:52
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бостонда қазақстандық студент жазасын жеңілдетуге айырбас ретінде айыбын мойындамады

1 370 просмотра

Диас Қадырбаев пен Азамат Тәжіжаяқов (оң жақта) сот залында. ReutersДиас Қадырбаев пен Азамат Тәжіжаяқов (оң жақта) сот залында. ReutersАлматы. 24 маусым. ҚазТАГ – Бостонда қазақстандық студент Азамат Тажаяқов жазасын жеңілдетуге айырбас ретінде айыбын мойындаудан бас тартты, деп хабарлады шетелдік БАҚ-тар.

«Тажаяқовтың адвокаты Мэттью Майерс журналистерге айтқандай, алдын ала тыңдаулар барысында прокурор оған айырбас ретінде айыптау тармақтарының санын азайту арқылы «мәмілеге» келуді ұсынып еді, ол одан бс тартты. Майерсұсыныс шарттарын ашпады», - делінген мақалада.

«Ол айыпты еместігін біледі», - деді М.МайерсА. Тажаяқов туралы.

Бұл ретте М.Майерс А. Тажаяқовтың айыптылығының дәлелдері жеткіліксіз екендігін айтады.

«Мен ойлаймын, оған Бостондағы алқа билерінің өздері таң болатын шығар, себебі бұл іс бойынша айыптау дәлелдері жеткіліксіз», - деді М.Майерс.

А. Тажаяқовтың екінші адвокаты Николас Вулдридж,бейтарап алқа билерін таппақшы екенін, бірақ Бостондағы жарылыс қала мен оның маңайында қатты әсер еткені себепті ол күрделі болатынын жеткізді.  

«Бұл іс Бостон марафонына қатысты жарылыс туралы болмаса да, адамдар бәрібір оны сол іспен бірге қабылдайды», - деді  Н.Вулдридж.

Округ судьясы Дуглас Вудлосалқа билерін 20 маусымда жүздеген үміткерлердің арасынан іріктейді деді. Оның айтуынша, А. Тажаяқовтың ісі бойынша сот процессі 3 шілдеде басталады деді.

Еске салсақ, Массачусетс университетіндегі екі қазақстандық студентті - Азамат Тажаяқов пен Диас Қадырбаевты - 2013 жылдың 15 сәуірінде Бостонда өткен марафондағы терактіні ұйымдастыру бойынша күдікті ағайынды Царнаевтардың кішісі- Джохармен байланысы бар деген күдікпен ұстаған.

Кейін белгілі болғандай, қазақстандық студенттер АҚШ виза тәртібін бұзған және жағдай толық шешілгенге дейін қамауға алынған.

2013 жылдың мамырында екі студентке де айғақтарды жою арқылы тергеу жұмыстарына кедергі келтірген деген қылмыстық айып тағылған. Аталмыш айып бойынша оларды 25 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр. Ал А.Тажаяқов пен Д.Қадырбаев болса өз кінәларын мойындамай отыр.

Дереккөз: ҚазТАГ

24 маусым 2014, 10:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.