Атырау, 1 қазан 14:24
 ашықВ Атырау +17
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Франциялық БАҚ Ыдырысовтың сөзін бұрмалаған

1 866 просмотра
ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың айтуынша, француздың La Vanguardia газеті оның Қазақстан деген атауды өзгертуге қатысты сөзін сөзін бұрмалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Айта кетейік, Францияға жасаған сапары барысында Ерлан Ыдырысов La Vanguardia атты газетіне сұхбат берген болатын. Сол кезде журналистің "Қазақстан "стан" деген жұрнақтан бас тарта ма?" деген сұрағына министр: "Бұл - бұқаралық ақпарат құралдарының шығарғаны. Оны шынайы қабылдауға болмайды. Қазақстан Қазақстан болып қала береді", - деп жауап берген көрінеді.

"Мен журналистің сөзіне жауап бермеймін. Францияда жүргенде, олар кездесуді сұрады. Мен кездестім. Біріншіден, шетелдік журналист менің сөзімді тым бұрмалап жіберді. Мен "стан" жұрнағы туралы ештеңе айтқан жоқпын. Ол менен былай деп сұрады. "Мемлекеттің атауы өзгере ме?". Мен айттым, қазір бұл тақырып бұқаралық ақпарат құралдарында қызу талқыланып жатыр. Бірақ жақын арада елдің атауы өзгермейді. Одан кейінгінің бәрін олар ойдан шығарып жіберді. Журналистер шығармашылық ұжым ғой. Олар өздеріне қалай ұнайды, солай жазып бере салған", - деді бүгін Ерлан Ыдырысов журналистерге берген сұхбатында. 

Осы орайда айта кеткен жөн, биылғы ақпан айында Атырау облысына жасаған сапары барысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның атауын "Қазақ елі" деп өзгертуді ұсынды. "Бірақ ол бастаманы жан-жақты талқылап барып, іске асыру қажет", - деді Мемлекет басшысы.

Дереккөз: tengrinews.kz

 

25 маусым 2014, 10:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.