Атырау, 24 қараша 13:26
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Албания Еуроодаққа кіруі мүмкін

1 925 просмотра
Еуроодақ кеңесі Албанияға ЕО мүшелігіне үміткер деген мәртебе берді. Бұл жайында еурокомиссар Штефан Фюле өзінің Твиттер парақшасында хабарлады. Ол Албанияны құттықтай келе Кеңес шешімін "мемлекеттегі реформалардың күшеюін мойындағанымен" байланыстырды. 

Айта кету керек, ЕО-ға мүше болуғ,а Тирана 2009 жылы өтінім білдірген. Сол жылы-ақ екі тарап арасында Тұрақтандыру және ассоциация келісімі күшіне енді. Ал, араға бір жыл салып албаниялық туристерге визасыз режим енгізілген болатын. Әдетте мемлекеттер Еуроодақ мүшелігіне 5 жыл үміткер бола алады. Осы уақытта олар экономикалық және саяси инстиуттарын ЕО талаптарына сәйкестендіруі тиіс. Дегенмен, үміткер мемлекеттің Одақ құрамына енуіне ешқандай кепілдік жоқ. Мәселен, Түркия осымен 14 жыл қатарынан ЕО мүшелігіне үміткер болып келеді.
Еуроодақтың кейбір мүшелері болса Албанияны өз қатарларына қосқысы келмейтінін ашық айтып отыр. Өйткені, оның артынан Балқан түбегіндегі өзге де мемлекеттер ереді дейді олар. Оның үстіне Еуропа экономикасы дағдарыспен әрең дегенде күресіп жатыр.

Дереккөз: Baq.kz

25 маусым 2014, 09:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.