Атырау, 1 қазан 14:35
 ашықВ Атырау +17
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Қазақстан электрондық үкімет бойынша БҰҰ рейтингісінде 10 санатқа көтеріліп, 28-ші орынға жайғасты

1 680 просмотра

Біріккен Ұлттар Ұйымының электрондық үкіметті дамыту жөніндегі рейтингісіне сәйкес Қазақстан өзінің көрсеткішін 10 позицияға жақсартып, 193 елдің ішінен 28-ші орынға жайғасты деп хабарлайды ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің баспасөз қызметі.
«Электрондық үкіметті дамыту индексінің адами капиталдың, телекоммуникациялық құрылымның және онлайн-қызметтің көрсеткішінен құралатынын айтып өту керек. Бүгінгі күні республика тұрғындарының компьютерлік сауаттылық көрсеткіші 63,2% құраса, кең жолақты интернетке қолжетімділік деңгейі 67,6% құрап отыр»,-делінген хабарламада.

«Ал, электрондық үкіметтің қалыптасқан инфрақұрылымы қазақстандықтардың электрондық үкімет порталы арқылы 570 қызмет пен сервистерді алуына мүмкіндік береді»,-деп атап көрсетеді ведомство.

Егер 2013 жылы электрондық үкімет порталы арқылы 38 млн. қызмет көрсетілсе, ағымдағы жылдың басынан бері портал арқылы ұсынылған қызметтер саны 22,8 млн. жетіп отыр. Күн сайын электрондық үкімет порталына орташа есеппен 43 мың қолданушы кіреді.

Электрондық үкіметті дамытудың кезекті кезеңін іске асыру аясында қызметтер мен сервистерді мобильді құрылғылар арқылы алуға мүмкіндік беретін мобильді үкіметті енгізу жұмыстары жүргізілуде. Осы жылдың соңында 50 қызмет пен сервисті мобильді құрылғылар арқылы алу мүмкін болмақ.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

25 маусым 2014, 09:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.