Атырау, 29 желтоқсан 05:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Барлық жаңалықтар

Экономика

Ескі банкноталармен қош айтысыңыз

Бүгінгі күні ҚР Ұлттық Банкінің Атырау филиалы тарапынан жеке және заңды тұлғалардан 1993-2003 жылдар аралығындағы айналымнан шыққан банкноталарды қабылдап, оларды жаңа үлгідегі банкноталарға айырбастау жалғасып келеді. 3 қараша 2011, 18:17 3 056 просмотра
Басқа жаңалықтар

Қысқа қайырғанда

ІІД баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, 31 қазанда «Браконьер» операциясының шеңберінде Пешной жартыаралының маңында полицейлер аспалы моторы бар будара қайығын ұстаған. Қайық ішінде аулау құралы мен ұстаған 1200 келі қара балығы бар Сафоновка селосының екі тұрғыны болыпты. 3 қараша 2011, 17:08 1 904 просмотра
Жанкештінің жеке тұлғасы анықталды Қоғам

Жанкештінің жеке тұлғасы анықталды

1 қарашада күндіз Атырау облыстық прокуратурасының тергеу ісін қадағалау жөніндегі басқарма бастығының міндетін атқарушы Ғалымжан ҚҰЛМАНОВ облыстық әкімдік пен облыстық прокуратура маңындағы жарылыс фактісіне қатысты (әр жарылыс бойынша жеке) ҚР Қылмыстық кодексінің 233-2 бабының «б» тармағы бойынша екі қылмыстық іс қозғалғандығын хабарлады. 3 қараша 2011, 18:29 2 556 просмотра
№30 үй тұрғындарының әңгімесі Қоғам

№30 үй тұрғындарының әңгімесі

31 қазан күні таңертең Сарыарқа ықшамауданындағы №30 үйдің маңында орын алған жарылыстан кейін құқыққорғау органдарының қызметкерлері оқиға болған жерге жиналған адамдарды маңайлатпай қойды. Олар сол маңдағы аумақты қоршап тастапты. Тіпті қас қарайған кезде де қоршау алынып тасталмаған. Біз полицей қарауылынан өтіп, облыстық прокуратура хабарлағандай, белгісіз біреу өзін-өзі жарған маңдағы үйге кірдік.  3 қараша 2011, 18:24 5 200 просмотра
Қоғам

Саудаға түскен қайран жер!

Атырауда жеке тұрғын үй құрылысын салуға жер учаскесін алу үшін кезекте 43 668 адам тұр. Олардың 6 мыңнан астамы 2001-2004 жылдардан бері кезекте тұрғандар. Ал сонымен қатар, қожайындары құрылыс бастауға асықпай отырған жүздеген жер учаскелері де бар. 2 қараша 2011, 19:38 3 742 просмотра
Экономика

Ақша қандай жобаларға бөлінді?

«2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» Заңның негізінде облысқа нысан құрылыстарын жалғастыруға 5 млрд. 765 млн. теңге бөлінді. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Айгүл ӘЖІҒАЛИЕВА хабарлады. 2 қараша 2011, 19:53 2 535 просмотра
Мақат пен Доссор қыстан жылусыз қалай шығады? Қоғам

Мақат пен Доссор қыстан жылусыз қалай шығады?

Мақаттағы үш жылу қазандығының бірде бірі жұмыс жасамайды. Орталық жылу қазандығы 2009 жылы жұмысын тоқтатса, «Газшылар» мөлтек ауданындағы қазандық  былтыр, ал «Болашақ» мөлтек ауданындағы жылу қазандығы биылдан бастап жабылған. Көпқабатты үйлер саны:  Мақатта- 61, Доссорда -24. Күні бүгінде бұл үйлердің барлығы орталық жылу қазандығынан ажыратылып тасталған. Доссорда да осындай жағдай. Жағдай түзелмесе мақаттықтар мен доссорлықтар ереуілге шығатындарын ескертіп отыр. 2 қараша 2011, 19:24 4 937 просмотра
«АМӨЗ сіздерге шоколад фабрикасы емес» Экономика

«АМӨЗ сіздерге шоколад фабрикасы емес»

Облыстық мәслихаттың сессиясында депутаттар осыдан  3 жыл бұрынғы Сасық сайдағы өрт және басқа да Атырау МӨЗ-ның күнәларын еске алды. Табиғат қорғау бағдарламасының орындалуы жөнінде зауыттың бас инженерінің орынбасары Рүстем БИСАЛИЕВ баяндама жасады. 2 қараша 2011, 19:56 3 301 просмотра
Атырауда жалған доллар шығаратын цех табылды Оқиға

Атырауда жалған доллар шығаратын цех табылды

Сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмыспен күрес департаменті тергеу басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ерлан ЕГЕУБЕКОВ брифингте 25 қазан күні қаржы полициясы қызметкерлерінің жалған доллар шығаратын жасырын цехты анықтағандығын хабарлады. 2 қараша 2011, 20:20 3 017 просмотра
Қала көшелерінде тағы екі «шаңсорғыш» пайда болды Басқа жаңалықтар

Қала көшелерінде тағы екі «шаңсорғыш» пайда болды

Арнаулы автобаза өзінің жаңа техникасын таныстырды. Жергілікті бюджет «Bucher» фирмасының екі сыпыру-тазарту машинасын сатып алыпты. Бұл швед фирмасының техникасы қала тұрғындарына таныс болатын. Жазда Арнаулы автобаза паркі шағын екі «шаңсорғышпен» толыққан еді.   2 қараша 2011, 20:17 3 003 просмотра
Өткенді еске алсақ... Қоғам

Өткенді еске алсақ...

Бүгінгі күні ешкім де кілемді алғашқы жауған қармен немесе тұздалған орамжапырақ сөлімен тазартпайды. Бүгінгі күні ешкім де «Тройной одеколонмен» кассетпен жүретін магнитофонның дыбыс түсіргішін сүртпейді. Сондай-ақ,  кассетаның оратылып қалған үлдірін лакпен жалғамайды. 2 қараша 2011, 19:30 2 868 просмотра
Басқа жаңалықтар

Түрмеден келген тартулар

31 қазанда «Ақ бота» балалар үйіне өзгеше қонақтар – УГ 157/9 мекемесі бастығының орынбасары Мәди ҚАЛБАЕВ пен қылмыстық-түзету жүйесі департаментінің заңгері Шынар ТЕЛИШЕВА келген еді. Бұл меймандар құрқол келмепті. 2 қараша 2011, 20:14 1 935 просмотра
Басқа жаңалықтар

Берген уәде бекем іспен дәлелденсе

Ағзаның ерте қартаюы синдромына шалдыққан Нұржан ӨРКЕШБАЕВТЫ  «Пусть говорят»  хабарынан көрсеткеннен кейін ол туралы кенет жұрттың бәрінің есіне түсе қалды. Нұржан жақында Астанадан елге оралды. Онда ол республикалық жаңалықтар агенттіктерінің біріне кезекті сұхбатын беріп келді. 2 қараша 2011, 20:12 2 280 просмотра
Қош бол, уылдырық! Экономика

Қош бол, уылдырық!

«Атыраубалық» жұмысшылары жалақы ала бастады. «Прокурорлық әрекет ету шараларының нәтижесінде кәсіпорын басшылығы «Атыраубалық» АҚ-ның 441 жұмысшысына 11 миллион теңгеден астам сомада жалақыларын төледі. Еңбекақы бойынша қалған соманы 21 қазаннан бастап төлеуді жоспарлап отыр», - деп хабарлады Атырау қаласы прокурорының көмекшісі Серік ЖАҢАБАЕВ. Сондай-ақ, қалалық прокуратура азаматтардың құқықтары қайта бұзылған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығы туралы «Атыраубалық» АҚ басшылығына ескерту жасады. 27 қазан 2011, 17:34 3 068 просмотра