Атырау, 26 қараша 10:39
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Түркия мен Сирия арасындағы шекараны толығымен жабу керек, деп санайды Олланд

1 617 просмотра

Image 0lenta.ruАлматы. 25 қараша. ҚазТАГ – Экстремистердің Еуропаға кіріп кетуін болдырмау үшін Түркия мен Сирия арасындағы шекараны толығымен жабу керек, деп санайды Франция президенті Франсуа Олланд.

«Еуропаға бірде-бір террористің кіріп кетуін, өздерінің варварлық әрекетін жүзеге асыруын болдырмау үшін Сирия мен Түркия арасындағы шекараны мүмкіндігінше тезірек жабу керек», - деп келтіреді ТАСС агенттігі Ф.Олландтың сөзін.

Хабарда айтылғандай, Франция президенті мұндай пікірді АҚШ президенті Барак Обамен жүргізген келіссөздерінен кейні білдірді.

Француз көшбасшысы сонымен қатар ЕО елдерінің бас ауруына айналып отырған мигранттардың проблемасына тоқталды.

«Бүгінде Сириядағы дағдарыс барлық Еуропаны қозғап отыр. Біз еуропалықтар үшін қауіптің тым жоғары екенін айтуға мәжбүрміз. Соған байланысты сириялық дағдарыстан шығу жолын қарастыру керек», - деп түйіндеді сөзін Ф.Олланд.

Дереккөз: ҚазТАГ

25 қараша 2015, 10:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.