Атырау, 26 қараша 10:41
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Путин: Каспийден Сирияға зымыран ату әзірге тоқтамайды

1 703 просмотра

Ресей Египеттегі ұшақ апатына кінәлілер жазаланбайынша Каспий теңізін Сирияға әуе соққыларын жасауға пайдалана береді деп мәлімдеді осы ел президенті Владимир Путин. 23 қарашада Тегеранда Путинмен кездесуінде Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов оған Қазақстан Ресейдің Каспий теңізі үстінде әскери әрекеттер жүргізгеніне байланысты алаңдаушылық білдіргенін айтқан. Путин мен Бердімұхамедов Тегеранда газ экспорттаушы елдер басшыларының форумында кездескен.

"Аймақтағы Каспий теңізінің әуе кеңістігін пайдалануға қатысты алаңдаушылыққа келсек, Қазақстан тарапы әзірге бізге бұл жайлы ешнәрсе айтпады. Бірақ біз мұны ескереміз. Біз кейбір қолайсыздықтар туындап жатқанын түсінеміз, бірақ Ресейдің терроризммен күрестегі іс-шаралары Ресейдің өзіне салмақ болып отырғанын да білесіздер" деген Путин.

Ресей президенті Каспий теңізі арқылы әскери операциялар уақытша жүргізілетінін айтып, Венада өтіп жатқан Сирияға қатысты келіссөз оң шешіледі деген үміті барын білдірген.

Ресей 7 қазанда Каспий флотилиясындағы кемелерінен Сирияға зымыран ата бастаған. Өткен аптадан бастап Ресей Сирияны бомбалауын күшейтіп, операцияға стратегиялық авиациясы мен "Мәскеу" крейсерін қатыстырған. Территориясынан Ресей қанатты зымырандары өтетін елдер бұған алаңдаушылық білдіре бастаған.

31 қазанда Египетте Ресейдің "Когалымавиа" компаниясына тиесілі Airbus A321 ұшағы апатқа ұшырап, 224 адам қаза тапқан. "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы ұшақтың апатқа ұшырауына өздерінің қатысы барын мәлімдеген. Кейін Ресей ұшаққа теракт жасалғанын растаған.

Дереккөз: azattyq.org

24 қараша 2015, 10:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.