Атырау, 22 желтоқсан 06:27
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

13 жасар бала әлем рекордын жаңалады

3 714 просмотра

Екі атыраулық спортшы, 13 жасар Кирилл ЛИТВИНОВ пен 27 жастағы Эдуард ҚАБДЕШЕВ, ұлттық құраманың сапында Португалияда өткен пауэрлифтингтен әлем чемпионатында бірнеше алтын мен бір күміс медаль ұтты. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан бірінші орын алды.

Чемпионатқа 36 елден 400-ден аса атлет қатысты. Қазақстан намысын 46 спортшы қорғады.

Пауэрлифтинг үш жаттығудан тұрады: зілтемірді иыққа қойып, отырып-тұру, зілтемірді жатып көтеру және зілтемірді тізеге дейін көтеріп тұру.

- Эдуард 110 келіге дейін салмақта өнер көрсетті. Ол басты қарсыласымен бірдей нәтиже көрсеткен, алайда оның салмағы 107,4 келі, қарсыласынікі 107 келі болғандықтан, спортшымыз екінші орын алды, - деді жаттықтырушы Александр Литвинов.

Бұл Эдуард үшін үшінші әлем чемпионаты болса, Кирилл үшін алғашқы сынағы. Ол бұл додада керемет өнер көрсетті: 13-15 жас ерекшелігі санатында (52 келіге дейін) бірнеше номинацияда әлем чемпионы атанып, жатып зілтемір көтеру (72,5 келі), зілтемірді тізеге дейін көтеру (145 келі) және күштік үшсайыстан әлем рекордын орнатты.

- Өткен жылы әкем Эдуардпен бірге АҚШ-та болған чемпионаттан келгенде суреттерін қарадым, осыдан кейін жаттығу жасап, өзім де осындай неге болмаймын деп ойладым. Әкеме айтып, біз мықтап дайындала бастадық, - дейді жас чемпион.

- Біздің алға қойған басты мақсатымыз – саламатты өмір салтын насихаттау, - деп қосты Э. Қабдешев.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

24 қараша 2015, 15:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.