Атырау, 26 қараша 10:53
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

​Путин: РФ ИМ-мен күресу үшін Каспий үстіндегі әуе кеңістігін ары қарай пайдаланатын болады

1 866 просмотра

"Өңірдегі Каспий теңізі үстіндегі әуе кеңістігін пайдалануға байланысты біздің достарымыздың алаңдаушылығына келер болсақ, бізге қазақстандық достарымыз әзірге ештеңе айтқан жоқ, бірақ бұны ескеретін боламыз. Біз бірқатар қолайсыздықтар болып жатқанын түсінеміз", — деді Путин.

АСТАНА, 24 қар — Қазақстан жаңалықтары АА. РФ президенті Владимир Путин Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедовпен кездесуде Каспий теңізі үстіндегі әуе кеңістігінің қауіпсіздігі мәселелерін талқылады, сондай-ақ РФ басшысы Ресей Каспий теңізі үстіндегі әуе кеңістігін "Ислам мемлекетімен" күресте лаңкестікке айыптылар жазаланбайынша пайдаланатын болады деп мәлімдеді.

"Біздің қазақстандық әріптестер Каспий теңізі үстіндегі кеңістікте болып жатқан мәселелерге алаңдаулы көрінеді, бұл әскери мәселелермен байланысты", — деп келтіреді РИА Новости Тегерандағы газ экспорттаушы елдер форумы алаңында Бердымухамедовтың Путинмен кездесуде айтқан сөздерін.

Оның айтуынша, соған байланысты азаматтық халықаралық авиатасымалдарға байланысты мәселелер туындауда. "Яғни, маршруттар,эшолондар және қозғалыстар мәселелері бойынша авиатасымалдарды ауыстыру қажет пе. Осындай алаңдаушылық бар, мен сіздердің білетіндеріңізді немесе білмейтіндеріңізді білмеймін. Біздің қазақстандық әріптестер осы жайлы өте алаңдаулы", — деді Бердымухамедов.

"Өңірдегі Каспий теңізі үстіндегі әуе кеңістігін пайдалануға байланысты біздің достарымыздың алаңдаушылығына келер болсақ, бізге қазақстандық достарымыз әзірге ештеңе айтқан жоқ, бірақ бұны ескеретін боламыз. Біз бірқатар қолайсыздықтар болып жатқанын түсінеміз", — деді Путин.

Дереккөз: newskaz.kz

24 қараша 2015, 10:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.