Атырау, 22 маусым 12:52
 дождьВ Атырау +25.5
$ 488.37
€ 559.77
₽ 6.64

Алматыда үйінді астында қалып, қаза тапқан үш адамның өліміне қатысты тергеу басталды

3 482 рет қаралды

Алматы полицейлері үйінді астында қалып қайтыс болған үш адамның өліміне қатысты қайғылы оқиғаны тергеуге кірісті, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап.

"Бұл деректі Әуезов аудандық ІІБ тергеу тобы тіркеді. Сот-медициналық сараптамалары тағайындалды. Осыдан кейін процессуалдық шешім қабылданады. Дерек оқыс оқиға ретінде тіркелді", - деді Әзірбек. Оның айтуынша, егер оқиғаға қатысты жаңа деректер анықталса, сотқа дейінгі тергеудің кез келген кезеңінде іс қайта квалификацияланады.

Еске сала кетейік, 24 қарашада сағат 16.43-те "112" пультіне Әуезов ауданындағы Сәдуақасов көшесінің бойында №2 үйдің маңында адамдардың топырақ үйіндісінің астында қалып қойғаны жайлы хабар жетті. Үйіндінің астынан үш мәйіт табылды.

Дереккөз: tengrinews.kz

25 қараша 2015, 10:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.