Атырау, 26 қараша 10:31
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Түркияның әуе күштері ресейлік Су-24 ұшағын атып түсірген

2 966 просмотра

Image 0Фото: Ресейдің майдандық, бомбалаушы Су-24 ұшағы Сириядағы «Хмеймим» әуе базасының аспанында. Фото: РИА НовостиТүркияның әуе күштері Сириямен шекаралас аймақта ресейлік Су-24 ұшағын атып түсірген, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Бүгін Сирияда Түркиямен шекарада ресейлік Су-24 апатқа ұшырады. Болжам бойынша апатқа жерден ату себеп болған", - деп хабарлады Ресей Қорғаныс министрлігі.

Ведомствоның мәліметінше, ұшақ 6 мың метр биіктікте ұшып бара жатқан. Ұшқыштардың жағдайы анықталып жатыр. Болжам бойынша, ұшқыштар әуе кемесінен секіріп үлгерген. Олардың қайда екендігі анықталып жатыр.

Еске сала кетейік, Түркияның әуе күштерінің Сириямен шекаралас аймақта белгісіз әскери ұшақты атып түсіргені хабарланған болатын. Ақпарат құралдары әуе кемесінің құлаған сәті түсірілген видеоны жариялады.

Дереккөз: tengrinews.kz

24 қараша 2015, 15:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.