ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметі хабарлайды. 20 қарашадан бастап, осы уақытқа дейін Бельгия астанасының аймағы мен оның маңындағы Вильворд коммунасында террористік қауіптің ең жоғарғы төртінші деңгейі сақталуда.
Осыған байланысты Брюссель халқына - Брюссель аймағындағы халық көп жиналатын жерлерден алыс жүру; - қауіпсіздік қызметтерінің барлық бұйрықтарын орындау; - алып-қашпа әңгіме таратпай, билік пен полиция таратқан ресми ақпаратқа құлақ асу кеңес етілді. Қазақстанның Бельгиядағы елшілігі қалыпты режимде жұмыс істеп, Брюссельде оқып жатқан және қалаға уақытша келген қазақстандықтармен байланысты сақтауда. Қауіпсіздік мақсатында Брюссельде жүрген Қазақстанның барлық азаматтарын Бельгия билігінің жоғарыда келтірілген кеңестерін ұстануға шақырамыз.
Дереккөз/фото: 24.kz