«Талибан» содырлары өздеріне қарасты Фарьяб провинциясында Молдавияның тікұшағын кепілге алды. Бұл туралы Молдавияның ІІМ басшысы хабарлайды.
Тәліптер кепілге алған тікұшақ бортында бастапқыда 21 адам болып, олардың арасында Ауғанстан билігінің өкілдері мен Молдавияның 3 азаматы болған. Оқиға барысында оларға қарсы оқ атқан содырлар 3 адамды атып өлтірген. Қалған жолаушылар мен экипаж тағдыры әзірге белгісіз. Ал Молдавия қорғаныс министрінің мәлімдеуінше, тікұшақ бітімгершілік миссияға қатысқан, деп жазды ТАСС.
Дереккөз: 24.kz