АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық Fortune басылымы 2016 жылдың аяғында мұнайға әлемдік бағаның болжамын жариялады, «Қара алтын» құны бір жылдан кейін бұрынғы көрсеткіштерге қайта келуі ықтимал, деп хабарлады РИА Новости.
Fortune редакциясының деректеріне сүйенсек, 2015 жылғы қарашаның ортасымен салыстырғанда, мұнайдың барреліне баға шамамен 20 пайызға өседі. «Америкалық тұтынушылардың жоғары сұранысы мен Қытайда баяулаған, бірақ қалай болғанда да сұраныстың артып келе жатқанына қарағанда, баға 2016 жылдың аяғына қарай барреліне 55 долларға көтерілуі мүмкін», - деп атап өтеді басылым. Алайда энергетикалық секторда көптеген компаниялар үшін бұл жеткіліксіз - мұнай өндірушілердің толыққанды жұмыс істеуі үшін оңтайлы баға барреліне 60 доллардан басталады, деп атап өтіледі мақалада.
Дереккөз/фото: inform.kz