Атырау, 8 қазан 23:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Ресейлік туроператорлар Түркияға тур сатуды доғарады

1 592 просмотра

Алматы. 25 қараша. ҚазТАГ – Ресейлік туроператорлар Түркияға тур сатуды тоқтатады, деп хабарлады РБК.

«Tez Tour, «Натали Турс», «Библио Глобус» және «Пегас Туристик» туристік компаниялар Түркия бағытында турлар сатуды тоқтататынын мәлім етті», - делінген хабарда.

Аталған шешім түркиялық жойғыш ұшақ зымыранмен ресейлік Су-24 ұшағын сирия-түркия шекарасының маңында атып түсірген соң қабылданды.

Ресей СІМ мен Ростуризм ресейліктерге террорлық қауіп бар болуы себепті Түркияға тынығуға барудан тартына тұруды ұсынды.

Сириядағы авиатоптың құрамындағы Су-24 ұшағы 24 қарашада таңертең түркияның екі F-16 ұшақтарымен шабуылдады және «әуе-әуе» зымыранымен атып түсірілді. Жойғыш ұшақ Сирияның солтүстігіне құлады. Қорғаныс министрлігінің мәліметтерінше, бір ұшқыш катапульттанған соң жерден атқылаған оқтан қаза болды, екіншісінің тағдыры әлі беймәлім. Одан басқа, осы ұшқыштарды құтқармаққа аттанған топ құрамындағы тікұшақ оқ астында қалып, тікұшақтағы теңіз жаяу әскерлерінің жауынгері қаза болды.

Дереккөз: ҚазТАГ

25 қараша 2015, 10:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.