Атырау, 20 маусым 01:33
 дождьВ Атырау +30
$ 488.37
€ 559.77
₽ 6.64

Әлемде

Ресей парламенті Украинаға әскер енгізу рұқсатын жойды Әлемде

Ресей парламенті Украинаға әскер енгізу рұқсатын жойды

Ресей Федерация кеңесіпрезидентке қарулы күштерді Украина территориясында қолдануына рұқсат беретін өзінің 1 наурызда шығарған қаулысының күшін жойды. Қаулы күшін жоюды 153 сенатор қолдап, 1 сенатор қарсы дауыс берді. Федерация кеңесі бірақ қажет болған жағдайда депутаттар Украинада Ресей армиясын қолдану мәселесін қайта қарай алатынын ескертті. 25 маусым 2014, 19:09 1 584 рет қаралды
Албания Еуроодаққа кіруі мүмкін Әлемде

Албания Еуроодаққа кіруі мүмкін

Еуроодақ кеңесі Албанияға ЕО мүшелігіне үміткер деген мәртебе берді. Бұл жайында еурокомиссар Штефан Фюле өзінің Твиттер парақшасында хабарлады. Ол Албанияны құттықтай келе Кеңес шешімін "мемлекеттегі реформалардың күшеюін мойындағанымен" байланыстырды. 25 маусым 2014, 09:53 2 215 рет қаралды
Ауғанстанда президент сайлауы аяқталғанға дейін әлеуметтік желілерді уақытша жабады Әлемде

Ауғанстанда президент сайлауы аяқталғанға дейін әлеуметтік желілерді уақытша жабады

Алматы. 24 маусым. ҚазТАГ – Ауғанстанда президент сайлауы аясында орын алып отырған қарбаластықтың артуына байланысты кейбір интернет-ресурстарға кіруді уақытша жауып тастауды жоспарлауда, деп хабарлады Ауған телеграф агенттігі (АуТАГ). 24 маусым 2014, 18:14 1 774 рет қаралды
Сирия химиялық қару-жарағын толық тапсырды Әлемде

Сирия химиялық қару-жарағын толық тапсырды

Сирия билігі өзінде бар делінген барлық химиялық қару-жарағын мұхитта жоюға өткізді. Халықаралық химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым басшысы Ахмет Узюмджю 1 мың 300 тоннаны құрайтын арсеналдың соңғы партиясы Сирияның Латакия портынан кемелерге тиелгенін мәлімдеді. 24 маусым 2014, 09:30 2 044 рет қаралды
Украинада сепаратистер атысты тоқтата тұруға келісті Әлемде

Украинада сепаратистер атысты тоқтата тұруға келісті

Украинаның шығысындағы ресейшіл сепаратистер жетекшілері 27 маусымға дейін атысты уақытша тоқтата тұру туралы келісімді сақтайтындарын білдірді. Бұл жайында Ресей, Украина мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) өкілдерімен кездесуінде өзін өзі жариялаған "Донецк халық республикасы" премьер-министрі Александр Бородай мәлімдеді. Оның сөзінше, өзін өзі жариялаған "Луганск халық республикасы" сепаратистері де келісімді сақтауға келіскен. 24 маусым 2014, 09:28 1 507 рет қаралды
Еуроодақ Қырым импортына тыйым салды Әлемде

Еуроодақ Қырым импортына тыйым салды

Украинадағы жағдайға байланысты Еуроодақ елдеріне Қырымнан енетін импорт тауарларға тыйым салынды.  Бұл туралы Литваның Сыртқы істер министрі Линас Линкявичюс мәлім етті, - деп хабарлайды "Прайм". 24 маусым 2014, 09:05 2 432 рет қаралды
Қадыров қылмыскерлер туралы ақпаратқа 10 млн рубль сыйақы жариялады  Әлемде

Қадыров қылмыскерлер туралы ақпаратқа 10 млн рубль сыйақы жариялады

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров өзінің Instagram парақшасында полиция қызметкерін өлтірген қылмыскер жайында шынайы ақпарат берген адамға 10 млн доллар сыйақы беретінін мәлімдеді. 23 маусым 2014, 14:38 2 502 рет қаралды
Ислам Каримовтің немересі даулы сұхбат берді (бейнежазба) Әлемде

Ислам Каримовтің немересі даулы сұхбат берді (бейнежазба)

21 маусым күні Өзбекстан президенті Ислам Каримовтің немересі - ақпан айынан бері Ташкентте қызымен бірге үй қамауында отырған Гүлнара Каримованың ұлының ресейлік REN-TV телеарнасына берген эксклюзивті сұхбаты шықты. Телеарнаның мәліметінше, бұл Өзбекстан президентінің үлкен немересінің алғашқы сұхбаты. Сұхбат беруді Өзбекстан президентінің аттасы - кіші-Каримов өзі сұраған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 23 маусым 2014, 10:19 3 159 рет қаралды
БҰҰ ауған президенті сайлауына қатысты үндеу жасады Әлемде

БҰҰ ауған президенті сайлауына қатысты үндеу жасады

Біріккен Ұлттар Ұйымы Ауғанстан президенттігіне кандидаттарды "жақтастарын бақылауына алатын шаралар қабылдауға" шақырды. БҰҰ кандидаттарды өз жақтастарының сайлауда заң бұзушылықтар болғанына байланысты әлеуметтік желіні алауыздық пен өшпенділік тудыратын мәлімдемелер жасау үшін пайдаланбауын қадағалауға үндеді. 23 маусым 2014, 09:29 1 741 рет қаралды
Прошенко күш құрылымдарының жұмысын нығайтуға ниеттеніп отыр Әлемде

Прошенко күш құрылымдарының жұмысын нығайтуға ниеттеніп отыр

Украина президенті Петр Порошенко таяу арада елдегі күш құрылымының жұмысын нығайтуға ниеттеніп отыр.  Бұл туралы ол Майдан белсенділерімен кездесуінде мәлімдеді,- деп хабарлайды РБК мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 23 маусым 2014, 09:17 1 514 рет қаралды
Ресейлік «Газпром» компаниясы Қазақстаннан Қырғызстанға газ құбырын жүргізбек Әлемде

Ресейлік «Газпром» компаниясы Қазақстаннан Қырғызстанға газ құбырын жүргізбек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің «Газпром» энергетикалық компаниясы Қазақстаннан Қырғызстанға газ құбырын салуы мүмкін. Бұл туралы Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев мәлім етті, деп хабарлады «Вечерний Бишкек» газетінің сайты. 20 маусым 2014, 15:57 1 592 рет қаралды
Иран шетелдік инвестицияларды тарту үшін салықтық жеңілдіктер енгізеді Әлемде

Иран шетелдік инвестицияларды тарту үшін салықтық жеңілдіктер енгізеді

Алматы. 20 маусым. ҚазТАГ – Иран Ислам Республикасының (ИИР) үкіметі инвестицияны тарту және елдегі экономикалық белсенділікті арттыру мақсатында салықтық жеңілдік қарастырған кешенді бағдарлама дайындауда, деп хабарлады Иран телеграф агенттігі (ИрТАГ)www.irtag.infoжұма күні. 20 маусым 2014, 11:18 2 293 рет қаралды
Exxon Mobil өз қызметкерлерін Ирактан эвакуациялауда Әлемде

Exxon Mobil өз қызметкерлерін Ирактан эвакуациялауда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Exxon Mobil және BP сынды әлемнің ірі мұнай компаниялары Ирактан өз қызметкерлерін эвакуациялауда. Бұған аталған елдің қарулы күштері мен исламистердің арасындағы қақтығыстар себеп болды, деп хабарлайды neftegaz.ru. 20 маусым 2014, 10:53 1 183 рет қаралды
Украина шығысында шайқас жүріп жатыр Әлемде

Украина шығысында шайқас жүріп жатыр

Украинаның шығысында үкімет әскері мен ресейшіл сепаратистер арасында жаңа ұрыс болып жатыр. Кейбір ақпараттарға қарағанда, соғыс Донецк облысының Красный Лиман және Ямполь қалаларында жүріп жатыр. 20 маусым 2014, 10:55 2 537 рет қаралды
ӘЧ-2014: Уругвай Англиядан жеңісті тартып алды Әлемде

ӘЧ-2014: Уругвай Англиядан жеңісті тартып алды

Бразиялада футболдан өтіп жатқан ӘЧ-2014 ойындарында Уругвай құрамасы Англиядан жеңісті жұлып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  Vesti.kz. порталына сілтеме жасай отырып.  Әлем чемпионатының сегізінші күніндегі ойынды "Первый канал "Евразия" арнасы тікелей эфирден көрсетті. 20 маусым 2014, 10:11 1 601 рет қаралды
Малайзия: кеме апатының орнынан 9 адамның мәйіті табылды Әлемде

Малайзия: кеме апатының орнынан 9 адамның мәйіті табылды

Астана. 19 маусым. Baq.kz – Малайзия жағалауында апатқа ұшыраған кеменің жолаушыларын іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Оқиға орнынан құтқарушылар бүгінде 9 адамның мәйітін тапқан. Тағы 27 адам жоғалғандар тізімінде. 19 маусым 2014, 12:58 2 430 рет қаралды