Фото: azattyq.org. Дәрігерлер Эбола вирусынан көз жұмған науқасты әкетіп барады. Либерия, Монровия, 6 тамыз 2014 жыл.Либерия үкіметі Эбола вирусының таралуы кезінде халықтың қозғалысын бақылауда ұстау үшін ел аумағында комендант сағатын енгізуді шешті. Бұл туралы ИТАР-ТАСС Либерияның мемлекеттік радиосына сілтеме жасап хабарлайды.
Комендант сағаты жергілікті уақыт бойынша 21:00-ден 06:00-ге дейін енгізіледі.
Бұдан бұрын 16-нан 17 тамызға қараған түні қаруланған топ ел астанасы Монровиядағы карантин орталығына шабуыл жасағаны хабарланған болатын. Содырлар орталықтың қақпасын қиратып, мекеме аумағын тас-талқан қылған. Салдарынан 29 науқас ауруханадан қашып кетті. Науқастар 1,3 млн халқы бар қалада еркіндікте жүр.
Алтыншы тамыз күні Либерияда төтенше жағдай режимінің басталғаны жария етілді. Соған сәйкес шекара бекеттерінде қатаң бақылау енгізіліп, елден шығуға шектеулер қойылды, сондай-ақ бір қаладан екінші қалаға баруға да тайым салынған болатын.
31 шілде күні Сьерра-Леонеде, 8 тамызда - Нигерияда, 13 тамызда - Гвинеяда төтенше жағдай енгізілді.
Дереккөз: bnews.kz