Twitter микроблогтар сервисі марқұмдардың фотосуреттерін олардың отбасыларының сұрауы бойынша өшіретін болды, деп хабарлайды Лента.ру. Бұл туралы Twitter бөліміндегі пайдаланушылардың жеке мәліметімен жұмыс қосымшасында айтылған.
Бұған дейін пайдаланушы қайтыс болған жағдайда оның туыстары Twitter әкімшісіне марқұмның аккаунтын жою туралы өтініш жасай алатын. Бұл үшін сервиске пайдаланушының Twitter-дегі есімі туралы ақпарат беру керек болған. Яғни, қайтыс болғаны туралы куәлік көшірмесі, өтініш беруші куәлігінің көшірмесі мен туыстық деңгейі көрсетілетін өтініштің өзі берілетін. Енді Twitter саясатына толықтырулар енгізілді. Қазіргі таңда қайтыс болған пайдаланушының фотосуреттері мен бейнероликтерін өшіру мүмкіндігін беретін бөлім іске қосылды.
Дереккөз: bnews.kz