Фото: politclub.livejournal.comАлматы. 22 тамыз. ҚазТАГ – АҚШ билігі бірқатар елдерді, соның ішінде Қытайды да Ресейге қарсы санкцияларға қосылуға көндіруге тырысуда, деп хабарлады lenta.ru.
Басылым америкалық мемлекеттік істер төрағасы Дэниел Фридке сілтеме жасай отырып, санкцияға қосылуға дайын елдер қатарында Норвегия мен Швейцарияның барын да жазады.
«Біз сондай-ақ Оңтүстік Корея және Сингапурмен сөйлесіп жатырмыз, біз Қытаймен де келіссөздер жүргіздік, және біз кеңесулерді ары қарай жалғастыра береміз», - деп келтірген мемістер төрағасының сөзін.
Бұл ретте Д. Фрид Ресейге санкциялардың қандай зиян келтіруі мүмкін екендігіне жауап беруге қиналды, тек «тікелей ықпал ету – барынша зиянын тигізеді, ал тікелей емесі тіпті де» деп білдірді өз ойын. Ол істің санкцияларға дейін жеткеніне өкініш білдіреді, Мәскеу мен Вашингтон «барынша сындарлы қарым-қатынастарға» оралса деген тілегін жеткізді.
Еске салсақ, шілде айының аяғында АҚШ Мәскеудің Киевке қарсы саясаты салдарынан ресейлік «Новатэк», «Роснефть», Внешэкономбанк, Газпромбанк, «Мәскеу банкі», ВТБ, Россельхозбанк секілді компанияларға салалық санкциялар салды. Бұл компаниялардың активтері жабылмайды, дегенмен америкалық компаниялар мен азаматтарға осы салалардың жаңа акциялары мен облигацияларын инвестициялауға тыйым салынған.
Дереккөз: ҚазТАГ