Атырау, 24 қараша 20:38
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Тынық мұхитындағы арал астанасы толығымен орнын ауыстырады

3 064 просмотра

Тарихта алғаш рет Тынық мұхитындағы елдің әкімшілік орталықтарының бірі жаһандық жылыну қаупіне, атап айтсақ Әлем мұхиты деңгейінің әлеуетті көтерілуіне байланысты толығымен орнын ауыстырады, деп хабарлайды BNews.kz.

Naked Science ғылыми-көпшілік порталы хабарлағандай, бұл жерде 800 адамдай халқы бар Таро қаласы жайында сөз болып отыр. Бұл Соломон аралдары Меланезия мемлекетінің Шузель провинциясының астанасы болып табылады.

«Таро теңіз деңгейінен бар болғаны екі метр жерде орналасқан. Бұл өз кезегінде үнемі құбылып тұратын климат пен мұхиттағы су деңгейінің болашақта көтерілуі жағдайында қала тұрғындарына белгілі бір қауіп төндіреді», - деп атап өтті Квинсленд университетінде істейтін Том Бэлдок (Tom Baldock).

Атап өтілгендей, жаһандық жылыну Таро қаласы үшін жалғыз қауіп қана емес. Цунами, дауыл секілді табиғи апаттар да қалада жиі болып жатады.

Қазіргі таңда австралиялық Квинсленд универсиеті, British Maritime Technologies, және басқа да ұйымдар қаланың инфрақұрылымын материкке ауыстыруға мүмкіндік беретін бірегей халықаралық жоспар әзірлеуде. Және қаладағы барлық мекемелерді, ғимараттарды көшіру жоспарланып отыр: мектептер, ауруханалар және әкімшілік ғимараттар.

Жоспарда арал халқы мен үкіметінің пікірі, өтініш-тілектері де ескерілген. Қазір Соломон аралының үкіметі бұл жобаны Тынық мұхитының басқа аралдары мен мемлекеттері үшін үлгі боларлық жоба деп атайды.

Жоба іске қосылғаннан кейін оның іске асырылуы бірнеше ондаған жылдарға созылады деген болжам бар. 

Дереккөз: bnews.kz

20 тамыз 2014, 10:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.