АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемге танымал актер Джеки Чан ұлы Джессидің әрекеті үшін баршадан кешірім сұрады, деп жазады Лента.ру.
«Мен баламды тәрбиелейтіндей күйде емеспін, сол үшін де кінәлімін. Жауапкершілігін бірге арқалауым керек. Джейси екеуіміз барлығыңыздан кешірім сұраймыз», - деді Чан.
Оның бұл сөзі Қытайдың әлеуметтік желілерінде шықты.
Сонымен қатар, Джеки Чан баласы туралы жағымсыз жаңалықты естігенде түсіней алмай дал болғанын, ал шешесінің жүрегі қарс айырылғанын айтты.
«Баламның басындағы бұл жағдай барлық жасөспірімге сабақ болуы тиіс», - дейді актер.
Еске сала кетейік, Джеки Чанның 31 жастағы ұлы Джейси Чан Бейжіңде тайваньдық актер Кай Ко екеуі есіртімен ұсталды. Оның пәтерін тексергенде тағы да 100 грамм марихуана табылған. Енді олар 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Дереккөз: inform.kz