Атырау, 7 қазан 11:57
 дождьВ Атырау +16.7
$ 453.65
€ 509.99
₽ 5.31

Атыраудағы маңдайшалардың жаңа ережелері: 15 кәсіпкерге ескерту жасалды

Бейнежазба
102 рет қаралды

Атырауда кәсіпкерлерге жарнамалық маңдайшаларды орналастыру кезіндегі заңбұзушылықтар туралы ескерту жасала бастады. 1 қазаннан бастап өңірде бизнес нысандарын безендіруге қойылатын жаңа талаптар күшіне енді.

Ведомствоның мәліметінше, маңдайшалары мен жарнамалық баннерлері жаңа ережелерге сәйкес келмейтін 15 жергілікті кәсіпкер ескерту алып үлгерген.

Бизнес үшін не өзгерді?

Енді маңдайшаны орнатпас бұрын нысан иелері оның эскизін жергілікті әкімдікпен келісуге міндетті. Құжатта мыналарды анық көрсету қажет: 

нысанның орналасу жоспары;

маңдайшаның күндізгі және түнгі уақыттағы сыртқы көрінісі;

конструктивтік және инженерлік шешімдер;

қолданылатын материалдар мен түсі туралы мәліметтер.

Құжаттарды тапсыру мерзімі мен тәртібі

Маңдайшаны орналастыру туралы хабарлама жоспарланған күнге дейін кемінде 5 жұмыс күні бұрын жіберіледі. Құжаттарды қарау мерзімі - 4 жұмыс күні.

Егер ұсынылған эскиз белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, әкімдік кәсіпкерге жазбаша түрде ескерту жібереді. Мұндай жағдайда маңдайшаны орнатуға барлық кемшіліктер жойылғаннан кейін ғана рұқсат етіледі.

Бүгін, 10:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.