Атырау, 24 қараша 20:29
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Украина үкіметі мемлекеттік кәсіпорындарды сатып жібермек

2 098 просмотра

Украина Министрлер кабинетінің негізгі міндеті стратегиялық мақсаттағы кәсіпорындардан басқа, барлық мемлекеттік активтерді сату болып табылады. Бұл туралы Украина премьер-министрі Арсений Яценюк мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz АА-ның Киевтегі меншікті тілшісі.

«Үкіметтің міндеті – стратегиядан басқа мемлекеттік меншікті сату. Бүгінде мемлекеттік меншік – бұрын-соңды болмаған сыбайлас жемқорлықтың нақ көрінісі. Премьер-министрдің қабылдау бөлмесінде халық депутаттары жетіп артылады. Олар реформа тұжырымдамасын әзірлеп отыр дейсіздер ме? Олардың бар ойлағаны, қалай да болса өз адамдарын мемлекеттік компанияларға тағайындау. Бұл жемқорлықты басқа қандай жолмен жеңуге болатынын мен көрмей тұрмын», - деп мәлімдеді А. Яценюк.

Украина үкіметі, ең алдымен, мемлекет меншігіндегі энергетикалық сектордың нысандарын сатуды көздеп отырғанын бірнеше мәрте хабарлаған болатын. 

Дереккөз: bnews.kz

20 тамыз 2014, 18:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.