Атырау, 24 қараша 20:25
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Путин мен Порошенко Минскіде 26 тамызда кездеседі

1 397 просмотра

Астана. 19 тамыз. ҚазТАГ – ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуропалық комиссияның төрағасы Ж.М. Баррозумен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

«Еурокомиссия төрағасы Ж.М. Баррозу биылғы 26 тамызда Минскіде Кеден одағы елдері, Украина және Еуропалық одақ кездесуін өткізу туралы Қазақстанның ұсынысын қолдады. Қажет болған жағдайда сондай кездесуді Астанада өткізу туралы уағдаластық жасалды», - делінген Ақорда сайтындағы сейсенбілік хабарда.

Әңгіме барысында Қазақстан мен Еуропа қарым-қатынасының қазіргі ахуалы мен келешегі талқыланғаны атап өтілген.

Украинадағы ахуалдың өрбуіне арнайы назар аударылды.

«Сондай-ақ Н.Ә. Назарбаев пен Ж.М. Баррозу кезекті форумы биыл қазан айында Миланда өтетін «Азия-Еуропа» (АСЕМ) үдерісіне Қазақстанның қатысуының перспективасын талқылады», - деп көрсетілген хабарда.

Телефон арқылы сөйлесу еуропалық тараптың бастамасымен жүзеге асты.

Дереккөз: ҚазТАГ

20 тамыз 2014, 11:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.