Атырау, 7 қазан 13:02
 дождьВ Атырау +16.7
$ 453.65
€ 509.99
₽ 5.31

Татьяна Савельева Қазақстан Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

123 рет қаралды

Татьяна Савельева Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды. 

Тиісті өкімге Мемлекет басшысы қол қойды. 

«Мемлекет басшысының өкімімен Савельева Татьяна Михайловна Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды», — делінген Президенттің баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Бүгін бұған дейін Татьяна Савельеваның осы жылдың тамыз айынан бері жұмыс істеп келген Құрылтай депутаты лауазымынан мерзімінен бұрын кеткені белгілі болған еді.

Білімі:

  • Ақмола аграрлық университеті (2001) «Экономика және менеджмент» мамандығы
  • Еуразия ұлттық университеті (2007) «Экономика» мамандығы

Еңбек жолы: 

  • Астана қ. Қаржы басқармасының жетекші маманы (1999-05.2002); 
  • ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік бюджет департаменті Республикалық бюджетті әзірлеу басқармасы Бюджетті әзірлеу бөлімінің бас маманы (05.2002-10.2002);
  • ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Бюджет саясаты және жоспарлау департаментінің бас маманы, бөлім бастығы, Басқарма бастығының орынбасары, бас сарапшы, Департамент директорының орынбасары (10.2002-11.2008); 
  • ҚР Қаржы министрлігі Бюджеттік жоспарлау және болжамдау, Бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры (06.2012-04.2016);
  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы вице-министрі (05.04.2016-28.03.2023).
Бүгін, 11:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.