Атырау, 24 қараша 21:02
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Хакер Малайзияның жоғалған ұшағына қатысты тергеу материалдарын ұрлады

2 215 просмотра

Жоғалған ұшақ жолаушыларының туыстарына көңіл айтылған тақта. ©AFPЖоғалған ұшақ жолаушыларының туыстарына көңіл айтылған тақта. ©AFPMalaysia Airlines әуе компаниясының Boeing 777 ұшағының жоғалу себептерін тергеу туралы мәліметтерді белгісіз хакер ұрлап кетті, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

Лайнердің жоғалуын тергеумен айналысып жатқан құрылымдар шенеуніктерінің компьютерлеріне де хакерлік шабуыл жасалған. Елдің қауіпсіздік күштері саласындағы ақпарат көзінің мәліметінше, хакерлік шабуылға ұшыраған компьютер иелерінің арасында Азаматтық авиация басқармасының, Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің және Malaysia Airlines компаниясының қызметкерлері бар.

Малайзия ұлттық киберқауіпсіздік агенттігінің қызметкерлері хакердің зиянды дербес компьютердің көмегімен жоғалған Boeing-тің табылғаны туралы ақпараты бар файлды таратқанын анықтады. Қызметкерлер вирусы бар құжатты ашқан сәтте зиянкес бағдарлама компьютерлерді жаулап алып, ондағы ақпараттарды хакерге жеткізген. Хакер Қытайда болған деп топшыланып отыр.

Еске сала кетейік, Malaysia Airlines әуе компаниясының Куала-Лумпурден Бейжіңге MH370 рейсін орындаған ұшағы 8 наурызға қараған түні із-түссіз жоғалған еді. Оның бортында 227 жолаушы мен экипаждың 12 мүшесі болды. Адамдардың ешқайсысы аман қалған жоқ деген тұспал жасалды. Жоғалған бортты іздеу жұмыстары тарихтағы ең қымбат операция саналып отыр, сарапшылардың бағалауынша, оның құны жүздеген миллион доллардан асады.

Дереккөз: tengrinews.kz

20 тамыз 2014, 11:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.