Атырау, 24 қараша 21:29
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Боинг» ұшағының апатқа ұшырауынан қаза тапқандардың денелері Малайзияға жеткізілді

1 231 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - Украинаның шығысында «Боинг» ұшағының апатқа ұшырауынан қаза тапқан 20 адамның мүрдесі Куала-Лумпур әуежайына жеткізілді. Амстердамнан ұшқан арнайы чартерлік ұшақ жергілікті уақытпен таңғы сағат 10-дар шамасында қонды, деп хабарлады Би-Би-Си.

Жұма күні Малайзияда ұлттық аза тұту күні жарияланды. Елдің барлық аумағында ту төмен түсіріліп, бір минут үнсіздік жарияланды.

Malaysia Airlines әуе компаниясының MH17 рейсі 17 шілдеде Донецк облысының аумағында апатқа ұшырады. Ондағы 298 жолаушы мен экипаж мүшелері қаза тапты.

Украинаның шығысындағы қақтығыстың барлық тараптары апатқа өздерінің қатысы жоқ екенін айтуда. 20 дененің үшеуі Амстердамда кремацияланды. Қаза тапқандардың мүрдесін тасымалдаған ұшақты көз жұмғандардың туыстары қарсы алды.

Апатта ажал құшқандарды еске алу құрметіне Малайзияда 2 минутқа барлық көлік тоқтатылады. Тас жолдарда жүргізушілерді тоқтап, көліктен шығуларын сұраған белгілер пайда болады.

Дереккөз: inform.kz

22 тамыз 2014, 15:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.