Атырау, 24 қараша 21:01
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Джулиан Ассанжға ресми түрде Эквадордан саяси қорған ұсынылды

1 435 просмотра

Фото: lenta.ruФото: lenta.ruАлматы. 20 тамыз. ҚазТАГ – Эквадор президенті Рафаэль Корреа сәрсенбіде соңғы екі жылда Лондондағы Эквадор елшілігінде тұрған Wikileaks негізін қалаушы Джулиан Ассанжға саяси қорған ұсыну туралы өз елінің шешімін растады, деп хабарлады Business standard британдық басылымы.

«Егер Ұлыбритания оған қол сұғылмайтынына кепіл берсе, бұл мәселе ертең шешілуі мүмкін», - деді Р.Корреа Д.Ассанждың қамауға алынбай, экстрадицияланбай елшіліктен кету мүмкіндігі туралы айта келе.

Өз кезегінде channelnewsasia.com британдық интернат-портал Р.Корреаның Д.Ассанждан елшіліктен немесе бейнеконференц байланыс арқылы түсініктеме алу арқылы жағдайды шешуге Швецияның да көмектесуге мүсмкіндігі барын атап өтті.

«Оның түсініктемесін швед заңнамасына сәйкес Эквадор елшілігіндегі швед прокурорлары алуы мүмкін екендігін айтты, соның ішінде видео арқылы да», - деп атап өтті Р.Корреа.

Бұл ретте ол Д.Ассанжға қорған ұсынылғанын айтты, себебі олар сот әділдігіне сенбеуде.

«Ассанж мырзаға қорған ұсынылды, себебі сот процесінің тиісті түрде өтетініне кепіл жоқ, оның үстіне АҚШ-та кейбір топтар оны өлім жазасына кесуге шақырып отыр», - деп толықтырды Р.Корреа.

Хабарланғандай, швед прокуратурасы 2010 жылдың жазында Швецияның екі азаматшасына қарсы жыныстық сипаттағы бірнеше қылмыстарды жасады деген күдікпен австралиялықтың қамауға алынуына қол жеткізе алмай әлек. Күдіктінің өзі болса айыбын терістеп отыр. Д. Ассанждың қамауына деген еуропалық ордердің 2010 жылдың 2 желтоқсанында берілгеніне қарамастан, ресми айыптаулар оған әлі күнге дейін тағылмаған.

Wikileaks басшысының Эквадор билігіне жүгіну себебі Д. Ассанждың Эквадор тарапынан АҚШ-қа экстрадициялауынан қауіптенуі болып отырғанын адвокаттар атап өтеді, онда оған ұзақ түрме мерзімі, ал тыңшылық, мемдепартамент құжаттарын санкцияланбай жариялағаны үшін өлім жазасы қаупі күтіп тұр.

Еске сала кетейік, 25 маусымда австралиялық журналист 2014 жылғы Қазақстан журналистер Одағы сыйлығына лайық болды. Оған «Журналистік тергеу» аталымы иегерінің дипломы жөнелтілді.

18 тамызда Д.Ассанж өзінің Лондондағы Эквадор елшілігінен кеткелі жатқанын айтқан болатын. 

Дереккөз: ҚазТАГ

20 тамыз 2014, 15:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.